Қосымша әдебиеттер
8 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1997. – 240
б.
9 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.
Бұйрықты сөйлемнің түркі тілдерінде ортақ жасалу жолдары қандай?
2.
Бұйрықты сөйлемнің татар тілінде жасалу жолдары мен анықтамасы
3.
Бұйрықты сөйлемнің башқұрт тілінде жасалу жолдары мен анықтамасы
Глоссарий
Бұйрықты сөйлем – біреуді бір іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылады. Бұйрықты сөйлемдер кісінің еркін,
талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б. білдіреді. Бұйрықты сөйлемдер негізінен ауызекі тілге тән. Бұйрықты
сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жұмсалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болады да, сөйлем
түгелімен асқақ әуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз (бастауышсыз) болады да, оның орнына
қаратпа сөз қолданылады. Бұйрықты сөйлемнің тағы бір ерекшелігі – олар аз сөзден құралған ықшамды болады да,
екпінді әуенмен тақ-тұқ айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |