Жоғарыда келтірілген татар және башқұрт тілдері ғалымдарының пікірлеріне қарағанда, лепті сөйлемді жікке
Қазақ тілі грамматикасында лепті сөйлемдердің кісінің көңіл күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін
58
1) қорқу, сескену, аяу, өкіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауыштарының
құрамында ау, ау демеуліктері айтылады. Мысалы: - Құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау! (Ғ.Мұстафин).
2) а) баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында айтылады: -
Жасаған-ау, бала бере көр! – деді (ол). Бірақ тілек іске аспады (М.Жұмабаев).
б) баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті
сөйлем жасалады.
Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! (Ғ.Мұстафин).
Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулық –ма/-ме шылауы мен еді
көмекші етістігі тіркесіп те
арман мәнді лепті сөйлем жасалады.
Па, шіркін мына атқа мінер ме еді! (Ж.Верн.).
3) Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын лепті сөйлемдер. Ондай
сөйлемдердің баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
а) болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші етістік (екен), одан кейін
демеулік те тұрады:
Қап, орылған астықты кеше жиып алмаған екенбіз де!
ә) І жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке –шы/-ші қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше
көтеріңкі әуенмен айтылады. Қап, кеше кешке қонаққа барғанша, театрға барсамшы!
б) тұйық райлы етістікке керек еді ғой деген тіркес жалғасатын күрделі баяндауышты лепті сөйлемдер де кейде
өкініш мәнде айтылады:
- Омарбекке солай деп айту керек еді ғой!
в) кейде, тұйық етістікке –ың/-ің қосымшасы жалғанып, одан кейін ғой шылауы жұмсалған күрделі
баяндауышты сөйлемдер де өкініш мәнде айтылады: - Кеше осыны айтуың ғой!
4. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай
сөйлемдердің ішінде кейде қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады: - Айналаңа
қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ.Сланов).
Қазақ тілінде де тұлғасы сұраулы сөйлемдер де экспрессивті мағынадағы лепті болып жұмсалатыны аталып,
мынадай мысал берілген: Ол неғылған оңбаған адам?! Мұндай сөздің кімге керегі бар!?.
Р.Әмір сөйлемдердің лепті, лепсіз болып бөлінуінің бөлек ұстанымға сүйенелінетіндігін, бұл топтау
сөйлемдердің мазмұнына, эмоцияның қатысуына, қатыспауына және эмоцияны білдіретін формалардың көрінуіне,
көрінбеуіне негізделетінін атап көрсеткен. Ол лепті сөйлемдер жасауға қатысатын экспрессивті баяндауыштардың
парадигматикалық қатарын дара топ ретінде ұсына отырып, оның мынадай себептерін алға тартады: «...біріншіден,
экспрессивті баяндауыштар морфологиялық формаларды, тіпті өзіне сыңар болып келетін қара жаяу баяндауыштық
формаларды өз ыңғайымен ерекше жұмсап құралады: алмасам, алмасам ба, алмас па, жалықпайды екен т.б. Екіншіден,
өз бойында интеллектілік мағына мен эмоциялық мағынаны қатар сыйыстыратын баяндауыштық формалармен бірге
тілімізде тек эмоциялықты білдіретін баяндауыштар бар. Бұлар интеллектілік мағыналы баяндауыштардың
ешқайсысына қосуға келмейді. Үшіншіден, эмоциялы баяндауыштар түрлі коммуникативтік жағдайға, стильдік
міндетке сай өзара қызмет бөліскен. Осының бәрі эмоциялық баяндауыштар тобын дербес грамматикалық жүйе
дәрежесінде қараған жөн екенін байқатады». Байқап отырғанымыздай, Р.Әмір қазақ тіліндегі лепті сөйлемдерді жеке
тип сапасында қарастыра отырып, оның өзіне ғана тән жасалу жолын топтастырады. Ғалымның формалары мен қызмет
ерекшелігін жеке-жеке айқындаған эмоциялы баяндауыштары төмендегідей:
1. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді құралған
баяндауыштар қызмет етеді. Бұл баяндауыштар бір сөзді қайталақтатып тіркестіру негізінде жасалады. Баяндауышқа
енген компоненттердің бағыныңқысы шартты рай тұлғасы арқылы негізгі компонентпен байланысады. Ах, сорлы балам,
Достарыңызбен бөлісу: