эмоциялық сезімін білдіретін сөйлем типі ретінде анықталған. Тілші ғалымдардың көзқарасы түйіспейтін тұс – бұл жай
сөйлемнің жеке түрі ме, әлде хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің бір түрі ме деген мәселеде.
А.М.Ширалиев пен М.Н.Хусейнзаде азербайжан тілінде лепті сөйлемдердің жеке тип болатынын қуаттаса, сол
тілді зерттеуші З.И.Будагова бұл пікірді теріске шығарады: «На наш взгляд, восклицательное предложение показывает
не цель высказывания, а повышенное эмоционально-экспрессивное состояние говорящего, и в принципе
коммуникативно-целевого назначения». Мұндай көзқарас түркімен тілі грамматикасында да мынадай мысалдар арқылы
М.Мирзаев, С.Усманов, И.Расулев «Өзбек тілі грамматикасында» сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай
хабарлы, сұраулы, бұйрықты деп жіктейді. Лепті сөйлемдерді (ундов гап) хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерден
жасалатын сөйлем деп, оны екі түрге бөліп көрсетеді: хабарлы-лепті сөйлем (дарак-ундоп гап) және сұраулы-лепті
57
Ал А.Ибрагимов, керісінше, бұйрықты сөйлемді сөйлемнің жеке типі деп есептемейді, оның қызметін лепті
сөйлем аясында қарастырады.
Көпшілік түркі тілдерінде лепті сөйлемді жеке тип сапасында қарастырады. Бұл туралы атақты түрколог
А.Н.Кононов былай деп жазады: «лепті сөйлем – түрлі эмоцияны білдіретін сөйлем».
Бұл көзқарасты М.З.Закиев те ұстанады. Ол татар тіліндегі лепті сөйлемдердің (өндәү жөмлә) сөйлеушінің
үндеуін, оның ішінде бұйыру, шақыру, кеңес беру мағыналарын білдіретінін атап көрсетеді. Лепті сөйлемдердің өзіне
тән мынадай төрт белгісін айырықшалайды:
2) Лепті сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады.
3) Лепті сөйлем лепті мәнді білдіріп тұрған формалармен беріледі, хабарды білдіріп тұрады. Бұл формалар:
а) ІІ жақ бұйрық райлы етістік: Балалар, ни булса да, агач башыннан төшәсе булмагыз! (К.Т.)
б) І жақ бұйрық райлы етістік: Тукта әле, Кузьма Алексеевич янына цехка кереп чыгыйм! (И.Г.).
Мұндай сөйлемдер кеңес сұрауды, өтінуді, біршама тілек білдіруді көрсетеді.
в) І жақ бұйрық мәнінің көптік формасы: Мин дә көч, ярдәм бирермен, әйдә, иптәш, кузгалыйк, Шул агачны
бергә-бергә ушбу арбага салыйк! (Г.Т.)
г) ІІІ жақ бұйрық райлы етістік: Инде яшьләр хәзер сөйсеннәр! (Һ.Т.).
д) Инфинитивпен және инфинитив + кирәк және еді сөзі арқылы: Нык карагыз! Берсен дә качырмаска! Сиңа
шәһәрдән авылга күчәргә кирәк! (С.Ә.) Дилбегәне үз кулыңа алырга иде! (И.Г.).
3) ІІІ жақ көпше түрде келіп, кеңес беруді білдіру арқылы лепті сөйлем жасалады: Әйдә югары батыр очучы!
(С.Б.).
4) Лепті сөйлем жоғарыда аталған формалардың қатысынсыз, тек интонациямен де жасалады: Алгарақ!
Достарыңызбен бөлісу: