Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


ə) Жай   сөйлемдердің  есімше  аркылы  құрмаласуы



Pdf көрінісі
бет101/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   133
Байланысты:
asanova zh

      ə) Жай   сөйлемдердің  есімше  аркылы  құрмаласуы.   
Жай  сөйлемдерді  бір–бірімен  құрмаластыру  үшін  есімшілер  де,  көсемшілер 
сияқты,  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  жай  сойлемнің  баяндауышы  функциясында 
қолданылады.  Бірақ  есімшелер  мен  көсемшелердің  жай  сөйлемдерді  құрмаластыру 
жолы бірдей емес.  Егер бағыныңқы сөйлемнің  баяндауышы болып тұрған көсемшілер 
баска  бір  қосымша  тəсілдердің,  формалардың  көмегісіз – ақ  жай  сөйлемдерді  бір – 
бірімен құрмаластыру функциясын да тікелей өзі атқаратын болса, есімшілерге ондай 


 
 
қасиет  жоқ.  Олар  атау  тұлғада  бағыныңқы  жай  сөйлемнің  баяндауышы  да  бола 
алмайды,  жай  сөйлемдерді  құрмаластыра  да  алмайды.  Есімшілер  жай  сөйлемдерді 
құрмаластыру  функциясында,  əр  алуан  тұлғалық  құбылыстарга  ұшырап,  тиянақсыз 
формаларда  айтылады.  Сөйтіп,  жай  сөйлемдерді  бір – бірімен  құрмаластыру  міндетін 
есімше  формаларының  өздері  атқармайды,  оларға  жалғанатын  түрлі  қосымшалар, 
тіркесе айтылатын түрлі шылаулық сөздер атқарады.  
Жай сөйлемдерді бір – бірімен құрмаластыру функциясында есімшілардің барлық 
түрлері де қолданылады, бірақ құрмалас сөйлем жасауда есімше түрлерінің атқаратын 
қызмет  дəрежесі  де,  формалық  құбылыстары  да  біргелкі  емес.  Есімшілер  ішінде  жай 
сөйлемдерді  құрмаластыру  функциясында  жиі  қолданылатыны  да  жəне  формалық, 
мағыналық  құбылыстарға  байы  да – қан,-  ған,-  кен,-  ген  жұрнақты  түрі.  Енді  соған 
талдау жасайық.  
Есімшенің  –кан  (ған,  кен,  ген)  жұрнақты  түрі  шақтық  мағынасына  қарай, 
тюркологиялық  əдебиеттердің  кейбіреулерінде  осы  шақтық  деп  аталса,  екінші 
біреулерінде өткен шақтық есімше деп аталады. Ал қазақ тілі білімінде осының соңғы 
атауы қалыптасты.  
Өткен  шақтық  түркі  жазулары  ескерткіштерінде  кездеседі,  бірақ  жай  сөйлемдерді 
сабақтастыра құрмаластыру функциясында жатыс жалғаулары түрі болмаса, басқалары 
кездеспейді деуге болады.  
Қазақтың ауыз əдебиеті мен  ХVІІІ- ХІХ ғасырлардағы ақындар жырларында өткен 
шақтық  есімше  қосымшалы  түрде  де,  шылау  сөздерге  тіркес  айтылып  та  бағыныңқы 
сөйлем  баяндауышы  функциясында  қолданылған.  Оны  мына  мысалдан  да  көруге 
болады: Төсек ауылдан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді.  
Қазіргі  əдеби  тілімізде  шақтық    есімшенің  жай  сөйлемдерді  құрмаластыру 
функциясы бұрынғыдан əлдеқайда күрделі. Жай сөйлемдерді бір- бірімен сабақтастыра 
құрмаластыру  үшін  өткен  шақтық  есімше  алуан  түрлі  тұлғалық  құбылыстарда 
қолданылады да, соған қарай оның мағынасы да түрленіп отырады.  
Өткен шақтық есімше бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай 
формаларда жане мынадай магыналық қатынастарда қолданылады:  
1.  Өткен  шақтық  есімше  жатыс  жалғаулы  формада  тұрады.  Баяндауышы  мұндай 
формадагы есімшеден болған бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен екі түрлі 
магналык қатынаста айтылады:       
 а) Басыңқы сөйлемдегі іс - əрекетті мезгілдік жағынан айқындайды.  Əскери киім 
киіп, əскер тəртібіне аз – мұз үйрене бастаған екі қазақ жігіті кіріп келгенде, Хакім сұп 
–сұр болып кетті.  
Бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған есімше кейде жатыс септіктің 
тəуелді формасында да келе береді.  Жуынып болып, шай ішіп отырғанымда, жатқан 
үйімнің  бір  кішкене  баласы  жүгіріп  кіріп  келді.  Жылқыға  таянып,  бір  белге  шыға  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет