Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ  ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРI



Pdf көрінісі
бет99/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Байланысты:
asanova zh

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ  ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРI. 
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ. 
ЖОСПАРЫ: 
1.Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 
2.Құрмалас сөйлемнің  жай  сөйлемнен өзгешелігі.  
3. Жай сөйлемдердің бір – бірімен құрмаласу тəсілдері.  
4.Салалас құрмалас сөйлем. 
5. Салас құрмалас сөйлемнің түрлері. 
«Құрмалас»  деген  сөз  практикалық  тілде  қолданылмайды,  тек  лингвистикалық 
əдебиеттерде  грамматикалық  термін  ретінде  ғана  қолданылады.  Бұл  термін – «құра», 
«құрау» деген сөздерден туған туынды сөз. «Құрмалас» деген сөздің мағынасы өзі атау 
болған категорияның мазмұнына сай келеді.  Өйткені «құрмалас» деп аталатын сөйлем  
- екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құранды категория.  
Функциялары жағынан алғанда, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір – бірінен 
ешқандай өзгешелігі жоқ: екеуі де ойды жарыққа шығарудың  (рас, алдыңғысы жеке бір 
ойды, соңғысы құрамды күрделі ойды), оны басқаларға білдірудің құралы. Жай сөйлем 
мен  құрмалас  сөйлемнің  бір – бірінен  өзгешеліктері – олардың  сыртқы  құрылыстары 
мен ішкі мазмұндарында.  
Бұл өзгешеліктерді байқау үшін төменде келтірілген екі мысалды талдап көрейік. 
Өзінің  олақтығына  ыза  болған  Сейіт  ауылға  қарай  тез  аяңдап  кетті.  Аяқ  басысы 
біржола  түзеліп,  тізесі  бүгілмей,  бөксесі  боқшаланбай,  көлеңке  сымбатты  да  түзеле 
қалыпты. Бұл мысалдың алдыңғысы–жай сөйлем де, соңғысы– құрмалас сөйлем. Құрам 
жағынан  алғанда  алдыңғы  жай  сөйлем  жеке  сөздерге    ғана,  жіктеле  алады.  Сөйлем 
мүшесінен  күрделірек  бөлшек  оның  құрамында  жоқ.  Ал  соңғы  құрмалас  сөйлемді 
алатын  болсақ,  ол  əрқайсысы  өз  ішінен  жеке  сөйлемге  жіктеле  алатын  төрт  түрлі 
сөйлемдік бөлшектерден құралған. Оның бірінші сөйлемі–аяқ басысы біржола түзіліп, 
екіншісі  сөйлемі-тізесі  бүгілмей,  үшіңші  сөйлемі  -бөксесі  боқшаланбай,  төртінші 
сөйлемі - көлеңке сымбаты да түзіле қалыпты.     
Сөйтіп,  құрамы  жағынан  алғанда,  жай  сөйлемдер  жее  мүшелерден  құралатын 
болса, құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады.  
Айтылмақшы ойдың көлеміне, контекске байланысты, жай сөйлем құрамындағы 
сөз  сапаның  əр  түрлі  болып  келетіні  сияқты,  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  жай 
сөйлемдер  саны  да  бір  де  аз,  бірде  көп  болып  құбылып  отырады.  Мысалы,  жоғарыда 


 
 
келтірілген  құрмалас  сөйлем    құрамында  төрт  жай  сөйлем  болса,  Ащылы  шөптің 
тұқымы да күшті, мал тез семіреді жəне ащыға семірген малдың еті де, сүті де тұщыға 
семірген малдан күшті болады деген құрмалас үш жай сөйлемнен құралған.  
Əдеби  тіліміздің  фактілеріне  қарағанда,  прозалық  шығармаларда,  құрмалас 
сөйлемнің  көп  кездесетін  түрлері – екі  я  үш  жай  сөйлемнен  құралатындары.  Ал 
поэзияда  тіпті  он  шақты  жай  сөйлемнен  құралып,  бір  ғана  құрмалас  болып  тұратын 
шумақтар кездесе береді.  
(1)Көктем келіп, (2) күн жылып, 
(3) Тоң қақырап, (4) қар еріп,  
(5) Гүлдірдеп өзінен сарқырап,  
(6) айдын көлдер жарқырап,  
(7) Қиқулап ұшып қалқылдап,  
(8) Қараша қаз сымпылдап,   
(9) Құстар қайтып келеді. (Жамбыл)  
Бұл арада ескерте кететін бір нəрсе – құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің бір – 
бірінен өзгешелігі – олардағы сөз санына байланысты емес. Көлемі, сөз саны жағынан 
жай  сөйлемнен    əлдеқайда  шағын  болып  кететін  құрмалас  сойлемдер  жиі  кездесе 
береді. Мысалы: Бұл күнге дейінгі қазақ дəстүрінде жоқ бір мінездің тапа – тал түсте 
атой бергеніне Игілік те қатты сүйсініп  қалды. Түн ортасы боп қалды, бірақ Əсияда əлі 
ұйқы  жоқ.  Бұл  мысалдың  бірінші  сөйлемі  көлемі  жағынан  соңғы  сөйлемнен  екі  есе 
үлкен.  Бірақ  соған  қарамастан,  құрмалас  ол  жай  сөлем  де,  кейінгісі - көлемнің 
шағындағына қарамастан, құрмалас сөйлем. Өйткені соңғы мысал əрқайсысы өзіне тəн 
бастауыш, баяндауышы жəне басқа да тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдік бөлшектерге 
жіктеле  алады,  ал  мысалдың  алдыңғы  сөйлемінде  ол  қасиет  жоқ.  Бұл  жағдай  сөйлем 
мен құрмалас сөйлемнің бір–бірінен құрамдық–структуралық өзгешелігінен мағыналық 
өзгешелігі. Сонымен бірге, құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің бір–бірінен мағыналық 
өзгешеліктері де болады.   
Жай  сөйлем  қаншама  жайылма  болғанмен,  ол  жалаң  бір  ғана  ойды  білдіреді  де, 
құрмалас  сөйлем  өз  ара  байланысты  екі  немесе  одан  да  көп  жеке  ойлардан  құралған 
күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемге білдіретін аныктама да оның  осы айтылған 
мағыналық  жəне  жоғарыда  көрсетілген  структуралық  белгілеріне  негізделеді.  Сол 
белгілері тұрғысынан қарап, анықтама беретін болсақ, құрмалас сөйлем деп мағыналық 
жағынан  бір – біріне байланысты  екі  немесе  одан  да  көп  жай  сөйлемдерден құралып, 
күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз.  
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады дегенге қарап, оны кез келген жай 
сөйлемдердің кездейсоқ тіркесе салған тобы деп түсінуге тағы да болмайды. Құрмалас 
сөйлем – компоненттері бір – бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұратын 
жəне  біріне – бірі    бағынышты,  өз  ара  шарттас  болып  келетін  күрделі  мағыналық  бір 
бүтін болып табылады. Оның құрамындағы компоненттер сөйлем деп аталғандарымен, 
əдеттегі  дербес  жай  сөйлемдермен  бір  емес  компоненттері  интонациялық  жағынан 
тиянақсыз,  аяқталған  ойды  білдіре  алмайтын,  бүтіннің  бір  бөлшегі  ғана  болып 
табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір 
бүтін  бола  алады.  Егер  бұл  бірліктері  бұзылса–ақ,  олар  өздерінің  алғашқы  мəндерін, 
құрмалас  сөйлем  құрамында  тұргандағы  мəндерін,  жояды.  Мысалы:  Балапандар 
қанаттағанша, дəуіт те қанаттанады деген құрмалас сөйлем–осы тұрған қалбалапандар 
қанаттағанғанша  деген  болса,  екінші  жартысы–дауіт  те  қанаттанады.  Бұл–екі 
жартының  бірігіп,  бір  бүтін  болып  тұрғандағы  білдіретің  мағынасы  олардың  жеке  –
жеке  тұрғандағы  мағыналарындай,  балапандардың  немесе  дəуіттің  қанаттындығы 
жайында  емес,  солардың  қанаттануларының  бір  мезгілдің  ішінде  болатындығы 
жайында.  Ал  бұл  екі  компоненттің  бірлігі  бұзылатын  болса,  осы  негізгі  мағына 


 
 
жойылады.Сонымен  біоге,  əр  компоненттің  формалық  жəне  интонациялық 
ерекшеліктері де өзгереді.  
Тілдік категориялардың басқа да түрлері  сияқты, құрмалас сөйлемдердің де өзіне 
тəн қалыптасу, даму тарихы бар. Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден – 
бір  көрсеткіш - сөйлем.  Сөйлемге  «біршама  аяқталған  ойды  білlіреді»  деп,  анықтама 
беретініміздің  себебі  де  сол.  Сөйлем  мен  ой  бірі  форма,  екіншісі  соның  мазмұны 
ретінде өз ара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Бұл екеуі де – 
қоғамның  өмір  сүрген  уақты  бойына  болып  келе  жатқан  жəне  сол  қоғамның 
материалдық,  идеялық  дамуына,  соның  қажетіне  карай  бірте – бірте  дамып  отыратын 
қоғамдық құбылыс. Сойлем ойдың формасы, ой сөйлемнің мазмұны болғандықтан, бұл 
екеуінің  қалыптасу,  даму  тарихын  да  бірлікте  қарау  қажет.  Ой  дамып  жетілмеген, 
күрделенбеген  замандарда  күрделі  ойдың  көрсеткіші  болып  табылатын  сөйлемдердің, 
яғни  құрмалас  сөйлемдердің,  болуы  да  мүмкін  емес.  Құралмас  сөйлем  адамның  ой 
өрісінің,  дүние  тануының  кеңейіп,  күрделі  ойлардың  туып,  дамуына  байланысты,  сол 
ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған.  
Тіл  дамуының  қазіргі  дəуірінде  тілдерде,  солардың  ішінде  қазақ  тілінде  де, 
құрмалас сөйлемнің неше алуан күрделі түрлері кездеседі. Бірақ солардың бəрі бірдей 
белгілі  бір  уақыт  ішіңде,  бірден  пайда  бола  қалмаған.  Олар  тілдің  өзіндік  ішкі  даму 
заңына лайықты бірте – бірте қалыптасып жетілген.   
Жай сөйлемдердің бір – бірімен құрмаласу тəсілдері. 
Жай  сөйлемдері  бір – бірімен  ұштастырып,  оларды  бір  бүтін  етіп  тұратын  жəне 
олардың арасындағы əр алувн мағыналық қарым – қатнастарды айқындайтын тəсілдер, 
формалар түрлі – түрлі болады. Атап айтқанда,  жай сөйлемдер бір – бірімен мынадай 
тəсілдер арқылы құрмаласады:   
а)  құрмалас  құрамына  енетін  жай  сөйлемдердің  бастапқысының  баяндауышы 
тиянақсыз формада айтылу арқылы;  
ə)жай  сөйлемдер  арасында  немесе  жай  сөйлемдер  ішінде  шылау  я  шылау  мəнді 
сөздер келу арқылы;  
в) құрмалас сөйлем компоненттердің орнын тəртібі арқылы.  
Енді осылардың əрқайсысына жеке – жеке тоқтайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет