Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


сонша,  сошама,  соншалық,  сондай



Pdf көрінісі
бет117/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   133
Байланысты:
asanova zh

сонша,  сошама,  соншалық,  сондай  деген  есімдіктер  мен  үстеу  сөздерден  болған 
сөйлемдер  де  осы  түсіндірмелі  салалас  сөйлемге  жатады,  өйткені  мұнда  да  бірінші 
компоненттің  сыры  кейінгі  компоненттерде  мұнда  да  бірінші  компоненттің  сыры 
кейінгі  компоненттерде  ашылады,  түсіндіріледі.  Дегенмен  салалас  сөйлемнің  бұл 
түрінің өзіндік біраз өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктер мыналар:  
Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарушы жəне сол арқылы екі жай 
сөйлемді  құрмаластырушы  болып  тұрган  сол,  соншалық,  сондай,  соншама  сөздері  өз 
бастауыштарының іс-əрекет, жай-к6йлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын əрекетке, 
жағдайда  ерекше  мəн  беру,  көңіл  аударту  мақсатымен  соға  сілтейді  де,  оның  сыры 
кейінгі сөйлемде ашылады. Соның нəтижесінде кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы 
жай  сөйлемнің  баяндауышы  орнына  қолданылады  да,  соның  білдіруге  тиісті 
мағынасын білдіреді. Мысалы: Менің де ойлап жүргенім сол-енді біз татуласайық деген 
сөйлемдегі  енді  біз  татуласайық  деген  екінші  компонент  бірінші  компоненттің 
баяндауышы білдіруге тиісті мағынаны білдіріп тұр. Сөйтіп, бір ой екі рет айтылады. 
Бірінші ретте оның сыры нақтылы ашылмай, соған меңзеу, сілтеу түріндегана айтылса, 
екіншісінде ол талдап ашылады. 
Ал енді бірінші компонентінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай, соншама 
сөздерінен болатын құрмаластағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасында сол сөзі 
арқылы  жасалатын  құрмаластан  гөрі  біраз  өзгешеліктері  болады.  Оны  байқау  үшін 
мына  мысалдарды  талдап  көрейік.  Жұрттың  бəріне  өлең  сөздерінің  қазіргі  жағдайға 
үйлесімді  көрінгені  соншалық-өлеңді  олар  сақ-сақ  күліп  қарсы  алды.  Ақырында 
хутордың  іруінің  қатты  етек  алғаны  сондай-жалаң  аяқ,  сымбатты,  білімді  балаларға 
хутор қыздарының сызылған назы да əсер етпеді. Мұндай санасыз қондырыла салатын 
тəртіптен тарткан азабым соншама-ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым. 
Оның  үстіне  киген  қытайдың  кызыл  шайысынан  тігілген  ақалы  көйлегінің  ұзындығы 
сонша-оның  етегін  бірнеше  қыздар  саусақтарынын  ұшымен  ұстап  көтеріп  келеді.   
Мысалдардан  байалып  тұрганындай,  бұл  сөйлемдердің  барлығында  да  бірінші 
компонентте  сол  компоненттің  бастауышы  болып  тұрған  сөздің  мағынасы  арқылы 
байқалатын  əрекеттің,  жай-күйдің  ерекше  мəнді,  əсерлі,  күшті  болғандығына  назар 
аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше 
жағдайдың нəтижесінде не болғанын баяндайды.  
5) Салыстырмалы салалас сөйлем. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бұл түріне 
бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынга екі түрлі субъектінің іс-əрекеттерін, 
қасиеттерін,  жай-күйлрін  салғастыра  баяндайтын  сөйлемдер  жатады.  Салыстырмалы 
салалас  сөйлем  мақал,  мəтелдерде  өте  жиі  кездеседі.  Мысалы:  Саналы  адам  сағыңды 
сындырмас,  санасыз  адам  жағыңды  тындырмас.  Білген  адам  тауып  айтады,  білмеген 
адам  қауып  айтады.  Жақсы  байқап  сөйлер,  жаман  шайқап  сөйлер.  Ынтымақты  елге 
ешкі жетпес, ынтымақсыз елдің өкінші кетпес. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің 
арманы  бітпес.  Мысалдағы  сойлемдердің  бір  компонентінде  жақсылықтың,  ізгі 
қасиеттің жақсылығы, артықшылығы айтылса, екіңші компонентте оған жамандықтың 
жағымсыз нəтижелері, кесапат қылықтары қарама-қарсы қойыла салгастырылган.  
Бірақ  салыстырмалы  салалас  сөйлемнің  барлық  түрібірдей  бұлай  болып  келе 
бермейді.  Ол  кейде  біріне  аналогия  ретінде  алынған  екі  түрлі  заттың  құбылыстың  іс-
əрекетін,  жай-күйін  жай  ғана  баядайды.  Мысалы:  Қаратайға  қарап  тал  өсер,  қатарына 
қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Өнер-ағып жатқан бұлақ, 
ілім-жанып  жатқан  шырақ.  Кең  киім  тозбайды,  кеңесті  ел  азбайды.  Міне,  бұл 
келтірілген 
мысалдағы 
сөйлемдерде 
компонентте 
баяндалған 
іс-əрекеттің 
ешқайсысына, жоғардағыдай, артықшылық мəн берілмейді. Бір-біріне аналогия ретінде 
алынган  субектілерінің  қайсысының  қандай  қасиеті  барлығы,  қайсысы  қандай  əрекет 


 
 
жасай  алатындығы  баяндалады.  Сөйтіп,  мұндагы  салыстырудан,  теңдестірудің, 
аналогияның негізгі компоненттер суъбектілерінде болады.   
 6)  Шартты  салалас  сөйлем.  Компоненттер  мағыналары  өз  ара  шарттас  болып 
келетін салалас құрмалас сөйлем шартты салалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Бүгін 
өзің қоншы осы жерге, бəрін де көзіңмен көресің. Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын 
тапшы  өзің,  қозыдай  көгендеп  қолыңа  берейік.  Кəрімғали  тезірек  қымыз  əкеле  қойса 
жарар еді, ең болмаса қымызга қосып ішер едік. Келтірген мысалдың бəрінде де бірінші 
компоненттердегі  іс-əрекеттер  екінші  компонентегі  іс-əрекеттердің  алдагы  уақытта 
болуына шарт ретінде алынған.   
Сөйтіп, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан да, шартты білдіретін 
жай  сойлемнің  орналасу  тəртібі  жағынан  да  шартты  салалас  сөйлемнің  шартты 
сабақтас сөйлемнен ешқандай өзгешелігі жоқ.  
7)  Көп  компонентті  салалас  сөйлем.  Сабақтас  құрмалас  ойлемдердің  көп 
бағыныңқылы болып келетіні сияқты бір салалас сөйлем құрамында да үш немесе одан 
да  көп  жай  сойлемдер  келе  береді.  Мұндай  көп  компонентті  салалас  сөйлемдерді 
компоненттерінің  бір-бірімен  магыналын  қатынастарына  қарай  атау  мүмкін  емес. 
Өйткені  ондағы  компоненттердің  бір-бірімен  мағынаық  қатынастары  əр  түрлі  болып 
келеді.  
Көп  тармақты  салалас  сөйлем  компоненттері  бір-бірімен  жалғаулықтар  арқылы 
да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: 1. Қатыннан келген жалғыз алашаны 
қыстыгүні ашықканда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім, енді 
мынау  бəрі  налогқа  кетейін  деп  отыр.  Оның  дөңгелек  көзі  кірпігін  қақпастан  қадала 
қалатын  əдеті  бар  еді,  бұл  жолы  ол  тесіле  қараған  жоқ.  Əбдірахманның  тұла  бойын, 
жүзін шарлап қарады.  
2.  Қарын  ашады,  бірақ  қосқа  баруға  қорқам,  оны  маңайлап  қасқырлар  жүрген 
сияқты.  Ақырын  ғана  есікті  ішке  қарай  итеріп  еді  болмашы  саңылау  көрінеді,  бірақ 
кілтті ме, əлде іштен сұқпа салған ба байқап болар емес.  
3. Қоян бастапқыдай жүгіре алмады, өйткені ол шаршап қалыпты, бірақ əдіс алған 
неме енді жалтармен жан сақтап қалың агашқа жақындап келеді. Аманғали молданың 
насыбай  атуы  мүмкін,  өйткені  насыбайды  иіскемейтін  адам  аз,  ал  ана  ишандардың 
балаларының шылым тартуы сөкет екен.  
Келтірген  мысалдың  бірінші  тобындағы  сөйлемдер  компоненттері  бір-бірімен 
жалғаулықсыз  іргелесе  құрмаласқан.  Екінші  топтағы  сөйлемдердің  алдыңғысындағы 
бірінші  компонент  екінші  компонентпен  жалғаулық  аркылы,  екіншісі  үшінші 
компонентпен жалғаулықсыз құрмаласса, соңғы сөйлемде, оның керсінше, бірінші мен 
екінші  жалғапулықсыз,  екінші  мен  үшіңші  жалғаулық  арқылы  құрмаласқан.  Сөйтіп, 
бұл  сөйлемдер  компоненттерінің  бір-бірімен  байланысы  əрі  жалғаулықты, 
əріжалғаулықсыз  түрде  араласып  келген.  Ал  мысалдың  соңғы  үшінші  тобындағы 
сөйлемдер компоненттерінің барлығы да бір-бірімен жалғаулықтар арқылы құрмаласып 
бірыңғай болып келген.  
Сонымен,  көп  тармақты  салалс  сөйлем,  компоненттерінің  бір-бірімен  байланысу 
тəсілі жағынан, жалғаулықсыз болып та, жалғаулықты болып та, əрі жалғаулықты, əрі 
жалғаулықсыз аралас болып та айтыла береді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет