Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет118/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133
Байланысты:
asanova zh

                                   Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Құрмалас сөйлемдердің негізгі түрлері қандай? 
2.  Құрмалас сөйлемдердің қалыптасу, даму жолдары туралы не білесіз? 
3.  Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама берің. 
4.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің  жалғаулықты,  жалғаулықсыз  түрлеріне  сипаттама 
берің. 
                            Пайдаланатын əдебиеттер 


 
 
1.Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алм. 1992. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996   
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997 
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
5. Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991. 
 
                          
 
 
                         САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.  
                                                ЖОСПАРЫ: 
                      1. Сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдары.  
                         2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. 
1) шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
2)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем  
3) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
4) Мезгіл багыныңқылы сабақтас сөйлем.  
5) Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
6) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
7) Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
8) Мезгілдес сабақтас сөйлем.  
          
             Сабақтас сөйлем деп компоненттері өз ара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-
бірі  багындыра  байланысатын  құрмалас  сөйлемді  айтамыз.  Бағынушы  компонент 
мейліншетиянақсыз  болады,  сондықтан  ол  жеке  айтылмайды,  айтыла  қалган  күнде  де 
өз  бетінше  тұрып  сойлем  бола  алмайды.  Ал  бағындырушы  компонент  бағыныңқы 
сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады.Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір 
компоненті бағынушы, тəуелді болып тұрады да, екіншісі тəуелсіз, өз бетінше сойлем 
болып тұрады.  
Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да, өз бетіңше 
тиянақты  болып  тұратын  компонент  басыңқы  сөйлем  деп  аталады.  Басыңқы  сөйлем 
бағыныңқы  сөйлемді  жетектеп,  оны  өзіне  бағындырып,  құрмалас  сөйлемді  тиянақтап 
тұрады.  Сондықтан  бағыныңқы  сөйлем  бұрын,  басыңқы  сөйлем  одан  кейін  келіп 
отырады.   
Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компоненті  де,  əдетте,  сөйлем  деп  аталады. 
Бірақ олай аталғанмен мұнда қалыпты сөйлемдерге тəн қасиеттердің көпшілігі жоқ. Бұл 
шын  мағынасындағы  сөйлем  емес,  күрделі  сөйлемнің  бір  бөлшегі,  бір  мүшесі  ғана.  
Сондықтан  мұның  өмірі,  тірішілігі,  сөйлемдік  сəні  құрмалас  сөйлемнің  құрамында 
айтылғанды ғана. Одан тысқары бұл қолданылмайды да, сөйлем деп есептелінбейді де.  
Сабақтас  құрамалас  сөйлемдердегі  негізгі  ой,  көпшілік  жағдайда  басыңқы  жай 
сөйлемде  беріледі  де,  бағыныңқы  компонент  сол  басыңқыдағы  ойды  түрлі  жағынан 
айқындап,  дəлдеп  түсіндіру  үшін  қолданылатын  қосымша  бір  мүше  ретінде  тұрады. 
Мысалы:  Бұлар  Оспан  үйінде  үш  күн  бойы  қонақ  болып  жатқанда,  Анна 
Митрофановнаның иығына қалың қара жібекпен тысталған бұлғын ішік жабылған-ды. 
Қамысқұрақ  басын  ақырын  жел  желпіп,  судыратып  кеткендей,  қысқа  сыбыр  қазақ 
тобын  түгел  айналып  шықты.  Түнде  күзетші  ұйықтап  қалғандықтан,  қалың  жылқы 
егіске түсіп кетіпті.  
Мысалдың бастапқы сөйлемінің бірінші компоненті қашан? деген сұрауға жауап 
болып,  екінші  компоненттегі  əрекеттің  мезгілін  білдіріп    тұр.  Бұлғын  ішік  қашан 
жабылган  еді?-Бұлар  Оспан  үйінде  үш  күн  бойы  қонақ  болып  жатқанда.  Екінші 


 
 
сөйлемнің  бірінші  компонентті  қалай?  деген  сұрауга  жауап  болып,  екінші 
компоненттегі  əрекеттің  қалай  болган  сынын  білдіріп  тұр.  Қысқа  сыбыр  қазақ  тобын 
қалай  түгел  айналып  шықты?  Қамыс  құрақ  басын  ақырын  жел  желпіп  судыратып 
кеткендей.  Соңғы  үшінші  сөйлемнің  бірінші  компоненті  екінші  компоненттегі 
əрекеттің себебін білдіріп тұр. Қалың жылқы егіске неліктен, не себептен түсіп кетті?-
Түнде күзетші ұйықтап қалгандықтан т.б. Сөйтіп, бұлардағы бағыныңқы компоненттер 
сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелері  атқаратын  қызметтерді  атқарып,  бірі  мезгіл 
пысықтауышы,  бірі  амал  пысықтауышы,  бірі  себеп  пысықтауышы  сияқты  болып  тұр. 
Бірақ  бұларға  қарап,  бағыныңқы    компонент  пен  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерінің 
арасына  теңдік  белгісін  қоюға  болмайды.  Тұрлаусыз  мүше-өз  ішінен  жіктеуге 
келмейтін, сөйлемнің бір ғана мүшесі. Сондықтан оның мағынасы-жеке ұғымдық ғана 
мағына.  Ал  бағыныңқы  компонент-қанша  тиянақсыз  болғанме,  өз  ішінен  сөйлемнің 
түрлі мүшелеріне жіктеле алатын, өзіндік интонациясы бар сөйлемдік категория.  
Бағыныңқы жай сөйлемдердің барлығы бірдей, жоғарыда талдаған мысалдағыдай, 
басыңқы  компонентке  меңгеріле  байланысып,  оның  тұрлаусыз  бір  мүшесі  тəріздес 
болып келе бермейді. Өз басыңқысымен ондай қатынаста тұратындар, негізінде, мезгіл, 
себеп,  мақсат,  амал  бағыныңқылар.  Бағыныңқы  компоненттің  бұлардан  басқа  түрлері 
басыңқы компоненттке меңгерілмей, онымен тең қатынаста, яғни мағыналық жағынан 
теңдік  қатынаста,  байланысып  тұрады.  Мұндай  байланыстағы  бағыныңқы  жай 
сөйлемдер  басыңқы  сөйлемде  баяндалатын  əрекетке  тəуелсіз,  дербес  жай-күйлерді, 
əрекеттерді  білдіреді.  Сондықтан  бұлардағы  сабақтастық,  бағыныштылық-мағына 
бағыныштылығы, мағына тəуелділігі болмайды, бағыныңқы компоненттің тек тұлғалық 
тəуелділігі, тұлғалық бағыныштылығы ғана болады.  
Бағыныңқы компоненттердің тиянақты дербес сөйлемдерден өзгешелігі, негізінде, 
олардың  мағыналық  жақтарында  емес  мағыналық  жақтарында  емес.  Мағыналық 
жағынан  алғанда,  дербес  сөйлемдер  арқылы  берілетін  мағынаны  бағыныңқы 
компоненттер  де  қамти  алады.  Бұл  екеуінің  арасындағы  өзгешелік  олардың 
құрылысында.  Дербес  сөйлемдер  немесе  тиянақты  компоненттер  формалық  жағынан 
тиянақты  сөздерге  аяқталады.  Олардың  баяндауыштары  жіктік  формада  айтылып,  өз 
бастауыштарымен 
жақтасып 
тұрады. 
Ал 
бағыныңқы 
компоненттердің 
баяндауыштарында  бұлардағыдай  қасиеттер  болмайды.  Бағыныңқы  компонент 
баяндауыштары  тиянақсыз  формада  айтылады.  Олардың  негізгі  көпшілігі  өз 
бастауышымен  жақтаспайды.  Сондықтан  бағыныңқы  компоненттерде  қалыпты 
сөйлемдерде болатын тиянақтылық қасиет болмайды.  
Бұл  айтылғандарды  жете  байқау  үшін  мына  сөйлемді  талдап  көрейік. 
Мысалы:Қатты жел тұрды. Теңіз толқыны күшейді. Қатты жел тұрды да, теңіз толқыны 
күшейді. Қатты жел тұрып, теңіз толқыны күшейді.  
Бұл  мысалда  бір-біріне  байланысты  екі  түрлі  ой  бар.  Сол  ой  бірінші  ретте  екі 
бөлек  сөйлем  арқылы  берілген  де,  екіншіде  екі  сөйлемді  салыстыра  құрмаластыру 
арқылы, ал үшіншіде оларды сабақтастыра құрмаластыру арқылы берілген. Бірақ одан 
сөйлемнің ұғымына нұқсан келмеген. Үшеуінде де беріліп тұрған хабар бір. Бұлардағы 
айырмашылық-тек  бірінші  жай  сөйлемнің  баяндауыш  формасында  ғана.  Ол  алдыңғы 
еқі  түрінде  жақтық  формада  айтылған  да,  соңғы  үшіншісінде  көсемше  формада 
айтылған.  
Бұл жағдайлар бағыныңқы компонентте тұлғалық дербестік болмағанмен, мағына 
дербестігі болатындығын байқатады.  
Түркі  тілдерін  зерттеуші  кейбір  ғалымдар  баяндауыш  формасындағы  осы 
өзгешелігіне  қарап,  соңғы  сөйлемдегі  қатты  жел  тұрып  деген  компонент  сабақтас 
құрмаластың  бағыныңқы  жай  сөйлемі  бола  алмайды  дегенді  айтады.  Олардың 
пікірінше,  сөйлем  атаулының  жай  сөйлеміне  де,  қойылатын  талап  бір  болу  керек. 


 
 
Бағыныңқы  компоненттің  баяндауышы  да  жақтық  жалғауларында  айтылып,  өз 
бастауыштармен қиыса келіп, аяқталған толық ойды білдірулері керек. Бұл пікірлерде 
біраз  ыңғайсыздықтар  бар.  Ең  алдымен,  ұсынылып  отырган  критерийге  негіз  ретінде 
алынған  дербес  жай  сөйлемдерге  қойылатын  талапты  түгелдей  сабақтас  құрмаластың 
бағыныңқы  компоненттеріне  де  қоюға  болады  дейтін  пікір  дұрыс  емес.  Өйткені 
сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компоненті  мен  өз  алдына  жеке  қолданылатын 
тиянақты жай сөйлемдер бір емес. Егер ол екеуі бір болса, бір ғана талапқа сай келетін 
болса, онда «бағыныңқы» деген аттың керегі де болмас еді. Тиянақты дербес сөйлемдер 
өз  алдарына  жеке  бір  бүтін  болып  есептелсе,  құрмалас  сөйлемнің  компоненттері 
бүтіннің  бір  бөлшегі,  бір  жағы  ғана  болып  табылады.  Сондықтан  бүтінде  болатын 
қасиеттерді  түгелдей  бөлшектерін  іздеу  дұрыс  болмайды.  Дұрысында,  сабақтас 
құрмаластың компоненттерін бір-бірінен бөліп алып, олардың əрқайсысынан қалыпты, 
тиянақты  сойлемдерде  болатын  қасиеттерді  іздеуден  гөрі,  оларды  өз  ара  тығыз 
байланысты, бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтын бір бүтін деп санаған орынды.  
Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компоненті  жіктік  жалғауында  тұрып,  өз 
бастауышымен  жақтаса  қиысып  айтылуы  жөніндегі  жоғарыдағы  пікір,  компоненттері 
бір-бірімен  сабақтастырушы  жалғаулықтар  арқылы    құрмаласатын  орыс  тілі  тəріздес 
тілдердің  сабақтас  құрмаластарына  сай  болғанмен,  компоненттері  баяндауыштың  тек 
қана  тиянақсыз  формада  айтылуы  арқылы  құрмаласатын  қазақ  тілінің  сабақтас 
сөйлемдеріне  қолдануға  келмейді.  Өйткені  қазақ  тіліндегі  сабақтас  сөйлем 
компоненттері  бір-бірімен,  алдыңғы  параграфтарда  айтылғанындай,  есімшелердің, 
көсемшілердің,  кейбір  райлардың  тиянақсыз  формаларда  айтылулары  арқылы 
құрмаласады.  
Сабақтас  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  бағыныңқы  болып  бөлінулері  де 
олардың  баяндауыш  формаларына  байланысты.  Егерде  бағыныңқы  компоненттердің 
баяндауыштары жіктік формада тұрып, өз бастауыштарымен жақтаса айтылатын болса, 
олар  бағыныңкы  болмаған  да  болар  еді.  Өйткені  қазақ  тіліндегі  есімшілер  мен 
көсемшілер баяндауыш қызметінде қолданылганда, жіктіқ формада тұрса, сабақтастың 
компонентерін  құрмаластыру  былай  тұрсын,  оған  қарағанда  едəуір  дербестіктері  бар 
салалс сөйлем компоненттерін құрмаластыруға да икемсіз болады.  
Бағыныңқы сөйлем баяндауышының жіктік формала айтылып, өз бастауышымен 
жақтасып,  қиысып  келуін  талап  ететін  ғалымдардың  кейбіреулері  етістіктің  көсемше, 
есvіше түрлері аяқталган логикалық ойды білдіре алмайды, өз бастауышымен жақтаса 
қиыспайды, сондықтан олар бағыныңкы сөйлем баяндауышы бола алмайды десе, енді 
біреулері  етістіктің  жіктіктен  басқа  формаларының  барлығы  да,  предикативтік 
формалар емес, сондықтан олар баяндауыш қызметін атқара алмайды дегенді айтады.  
Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компоненттеріне  осы  айтылған  критерий 
тұрғысынан  қарайтын  болсақ,  қазақ  тілінде  сабақтас  құрмаластың  барлығын  жоққа 
шығарган  болар  едік. Өйткені  тек  шартты  рай  арқылы құрмаласатын  сабақтас  сөйлем 
ғана  болмаса,  сабақтастың  басқа  түрлерінің  бірде-бірінде  бағыныңқы  компоненттің 
баяндауышы  жіктік  жалғауында  айтылмайды.  Екіншіден  сабақтастың  бағыңқы 
компоненті    түгіл,  дербес  тиянақты    сөйлемдер  ішінде  де  баяндауыштары  жақсыз 
формада  айтылатын  сөйлемдер  де  аз  емес.  Баяндауыштары  етістіктің  тұйық  райынан, 
атау  я  жатыс  жалғаулы  есім  сөздерден  болатын  толып  жатан  дербес  сөйлемдердің 
барлығын ешкім де бекерге шығара алмайды. 
Баяндауыштары  етістің  жіктіктен  басқа  формаларында  да  айтыла  беру    дербес 
сөйлемдердің  өздерінде  де  кездесетін  тілдік  факт  екендігі  даусыз  болып  отырғандай, 
олардай  дербестігі  жоқ,  бүтіннің  бір  бөлшегі  болып  табылатын  бағыныңқы 
компонентің баяндауышы тек қана жақтық формада айтылсын деу қисынсыздау тəрізді.  


 
 
Жоғарыдағы  пікір  иелерінің  өз  қортындыларына  дəлел  ретінде  тағы  бір 
келтіргендерді-бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғауында айтылмаса, оны 
үйірлі  мүшеден  айырып  тану  мүмкін  болмай  қалады  дейтін  қауіп.  Олар  сабақтас 
құрмаластың  бағыныңқы  сөйлемі  мен  үйірлі  мүшені  бір-бірімен  шатастырмау  үшін 
баяндауышы  жіктік  жалғаунда  айтылып,  өз  бастауышымен  жақтасып  тұратындарды 
ғана  бағыныңқы  жай  сөйлем  деп  санап,  баяндауышы  көсемше,  есімше  формаларда 
айтылатындардың барлығын үйірлі мүше деп атауды ұсынады.  
Бірақ  бұл  арадағы  қауіп  те  орынсыз.  Бағыныңқы  компонент  пен  үйірлі    мүше 
арасындағы  бұдан  басқа  өзгешеліктер  де  оларды  бір-бірінен  ажыратып  тануға  толык 
жетеді.  Ол  өзгешеліктер: 1.Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компонентінің  өзіндік 
интонациялық  кідірісі  болады.  Ал  үйірлі  мүшеде  ол  жоқ.  Ол  бола  қалған  күнде  де 
үйірлі  мүшеден  кейін  емес,  үйірлі  мүшеден  кейің  емес,  үйірлі  м6ше  тіркесіп  тұрган 
сөзден кейін болады.  
2.  Есімше  сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компоненттің  баяндауышы 
қызметінде қоданылғанда жатыс, көмектес жалғауларында айтылады, немесе септеулік 
шылауларға тіркесе айтылады. Ал үйірлі мүше болып келгенде, ол атау тұлғада немесе 
жатыс, көмектес жалғауларынан басқа септіктерде айтылады.  
Бұл  айтылғандар  мынадай  қорытынды  шығарады:  Сабақтас  құрмаластың 
бағыныңқы  компоненті  басыңкы  компонентпен  өз  баяндауышының  тиянақсыз 
формаларда 
айтылулары 
арқылы 
құрмаласады. 
Бағыныңқы 
компоненттің 
баяндауыштары  жіктік  формада  айтылмайды.  Мұндай  бағыныңқыларда  предикаттық 
қатынас  баяндауыштың  формасы  аркылы  синтетикалық  жолмен  емес,  компоенттің 
өзіне тəн дербес бастауышы болу арқылы аналитикалық жолмен беріледі.  
Бағыныңқы компоненттің дербес бастауышы болуын оның негізгі бір белгісі етіп 
аламыз  ба,  жоқ  па  деген  сұрау  басқа  тілдердің  барлығында  дерлік  шешілген  мəселе 
бола тұрса да, қазақ тілі біліміңде оған күні бүгінге дейін екі түрлі жауап еріліп келеді: 
Оның  бірі-сабақтас  қрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  компонентінде  өзіне  тəн  дербес 
бастауыш  болуы  сабақтас  сөйлемге  қойылатын  негізгі  шарттардың  бірі  дейтін 
көзқараста, екіншісі оның болуын шарт деп есептелмейтін көзқарас.  
Бұл  көзқарастың  біріншісі  қазақ  тілімен  туыстас  тілдердің  барлығында  да  жəне 
орыс  тіл  білімінде  де  қолданылады.  Бұл  көз  қарасты  қазақ  тілі  білімін  К.Жұбанов,  С. 
Жиенбаев,  Н.  Сауранбаев  сияқты  көрнекті  өкілдері  де  қуаттаған.  Бірақ  соған 
қарамастан қазақ тілі білімінде күні бүгінге дейін соңғы екіңші көзқарас үстемдік алып 
келді.  Бірақ  енді  əдет-əдет  емес,  жөн-əдет  деген  принципті  қолданбасқа  болмайды. 
Өйткені  бағыныңқы  компоненттің  өзіне  тəн  дербес  бастауышы  болуын  керексінбеу 
ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да дəлелді емес.  
Теориялық  жағынан  алғанда  қаншалық  тиянақсыз    болса  да,  басқаға  тəуелді 
болганына  қарамастан  бағыныңқы  компонентте  де,  белгілі  шамада,  сөйлемдік  кейбір 
қасиеттер  болады.  Ал  сөйлемдік  қасиет  дегеніміз,  алдымен,  предикаттық  қатынасқа 
келіп  тіреледі.  Предикаттық  қатынас  жоқ  жерде  басыңқы  болсын,  мейлі  бағыныңқы 
болсын-бəрі бір, ешқандай сөйлемнің болуы мүмкін емес.   
Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компонентінде  өзіндіқ  дербес  бастауыш 
болмаса,  онда  предикаттық  қатынас  та  болмайды.  Есімшенің,  көсемшенің  тиянақсыз 
формасында айтылатын бағыныңқының баяндауышы тек өзіне тəн бастауышпен бірге 
айтылғанда  ғана  предикаттық  мəнге  ие  болады.  Өйткені  тиянақсыз  баяндауыштарда 
предикаттық  қатанастың  негізгі  белгілерінен  саналатын  жақтық,  шақтық,  райлық 
мағыналар болмайды, бұларды білдіретін грамматикалық көрсеткіш олардың бойында 
жоқ,  сондықтан  ондай  баяндауыштар  предикаттық  қатынасты  тек  аналитикалық 
жолмен ғана болмаса, синтетикалық жолмен білдіре алмайды.   


 
 
Сонымен,  сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  компонентін  айқындауда  мынадай 
белгілер басшылыққа алынады.  
1.  Компоненттің  белгілі  шамада  сөйлемдік  мағына  дерестігі  болады,  яғни 
компонент  тұлғалық  жағынан  тиянақсыз  болғанмен,  толық  сөйлемдік  мағынаға  ие 
болып тұрады.  
2.  Компонент  баяндауышы  етістіктің  көсемше  түрі  мен  шартты  рай  жəне 
есімшенің жатыс, көмектес жалғаулы түрлері мен септеулік шылаулы, кейбір жұрнақты 
түрлерінен  жəне  етістіктің  басқа  да  кейбір  түрлерінен  болады.  Бұл  баяндауыштардың 
тек шартты райдан болғандарынан басқалары өз бастауыштарымен жақтаспайды.  
3. Бағыныңқы компонент дербес бастауыштары болып келеді.  
4.  Компоненттің  өзіндік  интонациясы  болады.  Бірақ  ол  тиянақты,  аяқталган 
интонация болмайды, тиянақталмаған құрмаластырушы интонация болады.  
      Сабақтас  құрмалас  сөйлем  түрлері.  Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы 
компоненті  мен  басыңқы  компонентінің  бір-бірімен  мағыналық  қарым-қатынастары 
біркелкі болмайды. Сабақтас қрмалас сөйлемдерді түрге бөлгенде, олардың бағыныңқы 
компоненттері  мен  басыңқы  компоненттерінің,  жоғарыда  көрсетілгендей,  мағыналық 
қарым-қатынастары басшылыққа алынады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің 
мағыналық қатынасына қарай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай түрлерге бөлінеді:  
1) шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
2)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем  
3) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
4) Мезгіл багыныңқылы сабақтас сөйлем.  
5) Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
6) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
7) Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
8) Мезгілдес сабақтас сөйлем.  
Енді  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  осы  аталған  түрлеріне  жеке-жеке  талдау 
жасайық. 1) Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
Бағыныңқылы  жай      сөйлем    басыңқы    жай    сөйлемдегі  іс-  əрекет,  жай-күйдің 
болу    я    болмауының    шартын  білдірсе,  ондай    сабақтас    құрмалас    сөйлем  
шарттыбағыныңқылы  сабақтас сөйлем  деп  аталады.  
Шартты бағыныңқының басқа бағыныңқы сөйлемдерден бірнеше өзгешелігі бар. 
Бірінші  өзгешелік  шартты  бағыныңқының  баяндауыш  формасында,  оның  өз 
бастауыштарымен  байланысында.  Шартты  бағыныңқының  шартты  райдан  болған 
баяндаушы жіктік жалғаулар арқылы əр жаққа жіктеле айтылады да, өз бастауышымен 
жақтық жағынан қиысып тұрады.  
Шартты  рай  арқылы  жасалатын  шартты  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемнің 
сабақтастың  басқа  түрлерінен  екінші  өзешелігі-компоненттердің  бір-бірімен  қарым-
қатынасында.  Сабақтас  құрмаластың  басқа  түрлерінде  бағыныңқы  компоненттер  жай 
сөйлемнің  пысықтауыш  мүшесі  функциясында  қолданылып,  басыңқы  сөйлемдегі 
баяндауыштың  жетегінде,  соған  меңгеріліп  тұрса,  шартты  рай  арқылы  жасалатын 
шартты бағыныңқы сөйлем басыңкы сөйлемдегі ешбір сөзге де тəуелді болмайды.  
Шартты  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  сабақтастың  басқа  түрлерінен 
компонентерінің мағыналық қатынастары арқылы ғана ажыратылмайды, сонымен бірге 
бағыныңқы  компоненттінің  баяндауыш  формалары  арқылы  да  жекеленеді.  Шартты 
бағыныңқы,  жоғарыда  айтылғанындай  өз  басыңқысымен  етістіктің  шартты  райы 
арқылы құрмаласады. Екі жай сөйлемді құрмаластырушы шартты рай не дара күйінде, 
немесе басқа бір сөзге көмекші болып тұрып, бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышы 
қызметін  атқарады.  Мысалы:  Бұл  əңгімені  анау  қайын  жұрт  білсе,  ағайын  алалығы 


 
 
туып  кетуі  де  мүмкін.  Əзімбай  үшін  əкесі  Еркежанды  алмай,  Зейнеп,  Торымбаланың 
біріне тайқып түссе, онда баяғы үлкен 6йдің бұлар ырқына кеткені.  
Бұл сөйлемдердің біріншісінде шартты рай бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы 
қызметін жеке тұрып атқарса екінші сөйлемде  көсемше етітікке көмекші болып барып 
атқарып  тұр.  Осыған  байланысты  ескерте  кететін  бір  нəрсе,  көптеген  сөйлемдерде 
шартты  бағыныңқының  функциясын  шартты  райдан  болған  бір  ғана  баяндауыштың 
атқарып тұратыны да болады. Мұндайлар əсіресе мақал, мəтелдерде жиірек кездеседі. 
Мысалы: Бірлік болмай, тірлік болмас. Түбінде осы сөз бос сөз болып қалатын болса, 
ол  Əйгерімнің  бағын  байлауы  мүмкін.  Ақыл  сынына  салып  сөйлессе,  ісінің  теріс 
шыгатынын жігіт өзі де түсінді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет