4) бағыныңқы компонент көсемше формалы етістікке аяқталады да, басыңқы
компонентте бағыныңқы компоненттегі негізгі пікірге қайшы мəнде айтылған сөз
болады.
5) Бағыныңқы компонент –ша-ше аффиксті есімше аяқталады да, сөйлем
бағыныңқы компоненттегі іс-əрекеттегі іс-əрекеттің, жай-күйдің болғанынан басыңқы
сөйлемдегі іс-əрекеттің болғанының артықтығын көрсетеді. Бірақ ондай артықшылық
екі түрлі і-əрекетті теңдестіру түрінде емес, біріншідегі іс-əрекетке қарсы бола отырып,
екіншідегі іс-əрекетті қолдау түрінде болады.
Қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасауда жоғарыда талдаған тəсілдердің
атқаратын қызметтері бірдей емес. Олардың ішінде қарсы бағыныңқылы сабақтас
сөйлемжасауда жиі қолданылатыны да жəне сөйлемнің мұндай түрін құрмаластыру-ең
негізгі
функциясы болып есептелетін де көмектес жалғаулы есімше мен –да-де
шылаулы шартты рай формалы сөздер. Бұлардың солай екендігін қазақ
лингвистикасында құрмалас сөйлем синтаксисинің алғаш зерттеле бастаған күннен-ақ
танылған жəне содан бері ешқандай пікір таласына объект болған емес, бұл мəселеге
арналған барлық еңбекте де бірауыздылықпен баяндалып келеді. Ал кейінгі екі тəсілдің
яғни шартты рай формалы етітік пен-ша-шежұрнақты есімшенің қарсы бағыныңқылы
сабақтас сөйлем жасаудағы ролі алдыңғылардан біраз басқарақ. Мағыналары бір-біріне
қарама-қарсы келетін жай сөйлемдерді құрмаластыру – бұл екеуінің бірден-бір
функциясы деуге болмайды. Бұлар басқа мағыналық қатынастардағы компоненттерді
де бір-бірімен құрмаластыру үшін де қолданылады. Мысалы:
Тəкежанның ұрлатқаны шын болса, ол малдың жоқтаушысы өзі болатынын
ескертіп отыр. Бүкіл жұмысшы көтерілсе, оған қаланың ұсақ қолөнерлері мен
оқыушылары дем беріп бас көтерер еді. Қарсы бағыныңқылы сабақтастың өзіндік бір
ерекшелігі сол, оның бағыныңқы компоненті мағыналық жағынан басыңқыға
меңгерілмейді, оның белгілі бір мүшесіне жетектеліп, белгілі бір сұрауға жауап болып,
тұрлаусыз мүшелер тəріздес қызмет атқармайды. Мұндағы бағыныштылық компонент
баяндауышының тек формалық жағынан тиянақсыздығында ғана, ал компоненттердің
мағыналық қатынастары жағынан алғанда қалыпты қарсылықты салалас сөйлеммен
бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: