304
305
беттерімен талдау, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау жұмыстары
балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша
жүргізілген сабақтарда бастауыш сынып оқушылары іздеудің мəн-
жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселеді, дəлелдер
келтіру, дəлелдеу тəсілдеріне жаттығады, теория мен практика
бірлігін игереді, жеке жəне топпен бірлесіп, мəселе түйінін шешіп,
жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға,
өткір сындарды тыңдап, одан тиісті қорытындылар жасай білуге
машықтанады.
Сонымен қатар «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» жобасында жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдері
бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз
бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты,
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,
білімнің тереңдігі, əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлау
технологиясы стратегиялары бойынша оқыту, үйрету барысында
мынадай қорытыныды жасауға болады:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын
тыңдап, талқылайды (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми,
шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық
жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады.
5. Білім дəрежесі деңгейін саралау /өзіндік талдау, синтез,
бағалауының деңгейі қалыптасады/.
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай
білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда бола-
ды, сонымен қатар өзінің жəне өзгеледің пікірі мен тəжірибесіне
құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы əрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады жəне ол
кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тəжірибесімен, пікірлерімен бөлісуге
үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын
ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға
үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: