6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының
талаптарын, депутаттық әдеп ережелерiн сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн
тоқтатуға және өкiлеттігiнен әрi депутатқа ешкiмнiң тиiспеуi жөніндегі құқығынан
айыруға байланысты мәселелердi әзiрлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау
комиссиясына жүктеледi.
53-бап
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға
өзгерістер
мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің
Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының
үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге
хақылы;
4) соғыс және бітім
мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін
пайдалану туралы
шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі
туралы
жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды
және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі
туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: