Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Кешкі мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет320/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   369
Кешкі мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  
2020-2025  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  оқу-тәрбие 
жүйесі  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  бірыңғай  идеологиялық  және 
құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: 
отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде 
жүргізілуі  тиіс.  Тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастырудың  нормативті-құқықтық 
базасы мынадай құжаттарға сәйкес жүргізіледі:  
1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;  
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;  
3)  «Неке  және  отбасы  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Кодексі.  
2011 жылғы 26 желтоқсан;  
4)  «Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;  
5)  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;  
6)  «Балаларды  денсаулығы  мен  дамуына  зардабын  тигізетін  ақпараттан 
қорғау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2018  жылғы  02  шілдедегі  №169-VI 
Заңы;  
7)  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі 
Заңы;  
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 
қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 
дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;  
9)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2019  жылғы 
15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске 
асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.  
10)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы 
1  қазандағы  №  525  бұйрығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында 
өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.  
2021-2022  оқу  жылында  кешкі  мектепте  тәрбие  жұмысы  келесі  негізгі 
бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 
1)  жаңа  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтыққа  тәрбиелеу, 
құқықтық тәрбие.  
2) рухани-танымдық тәрбие.  
3) ұлттық тәрбие.  
4) отбасылық тәрбие.  
5) еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.  
6) көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.  
7) зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.  
8) дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.  
Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, 
әсемдік,  бостандық,  қайырымдылық,  жақсылық,  махаббат,  және  т.б.)  және 
ұлттық  құндылықтар  –  (тәуелсіздік,  патриотизм,  толеранттылық,  ана  тілі, 
заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды.  


331 
 
Кешкі мектептің  тәрбие жұмысының маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  құқық 
бұзушылық пен қылмыстың алдын алу болып табылады. Ол негізінен білім беру, 
насихаттау қызметі арқылы жүзеге асырылады, өйткені кешкі мектеп жағдайында 
тәрбие  процесінің  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Бұл  ерекшелік,  ең  алдымен,  оқушылар 
контингентінің  ерекшеліктерімен  байланысты:  мектепте  15  жасқа  толған 
оқушылар  оқиды  (375  бұйрыққа  сәйкес,  15  жастан  бастап,  кәмелетке 
толмағандардың  қылмыстық  жауапкершілігі  14  жастан  басталса  да,  мысалы, 
арнайы  түзету  мекемелерінен  14  жаста  келгенде,  жүкті  жасөспірім  қыздар, 
ерте  аналар  және  жасөспірімдердің  басқа  да  санаттары  15  жасқа  толғанға 
дейін  кешкі  мектепте  оқуға  мүмкіндігі  жоқ),  бірақ  бір  партада  бір  уақытта 
өмірлік  ұстанымы  әлі  қалыптаспаған  жасөспірімдер  мен  дүниетанымы,  өзіндік 
мінезі  қалыптасқан,  қандай  да  бір  материалдық  игіліктерге  қол  жеткізген  және 
өмірлік  құндылықтарына  өз  көзқарасы  бар  ересек  адамдар  отыра  алады.  Тарихи 
тұрғыдан  алғанда,  кешкі  мектеп  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде,  ең  алдымен, 
компенсаторлық және бейімделу функциясын орындайды
Құқықтық  тәрбие  мектептің,  отбасының,  қоғамның,  құқық  қорғау 
органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы тиімді бола алады, ол төрт 
бағыт  бойынша,  атап  айтқанда,  тұтас  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру 
саласында;  қоғамның  күшін  тарта  отырып,  оқушылардың  бос  уақытын 
ұйымдастыру  саласында;  оқушылардың  отбасымен  өзара  іс-қимыл  жасау 
саласында  жұмыс  жүргізуді  көздейді;  құқық  оқытушыларының  кәсіби 
дайындығын арттыру саласында жүзеге асырылады.   
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 
12  маусымдағы  №  248  бұйрығымен  бекітілген  2020-2025  жылдарға  арналған 
«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет