Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


ең  маңызды  мақсаты  ретінде  тұлғаның  азаматтық  қалыптасуы  контексінде



Pdf көрінісі
бет323/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   369
ең  маңызды  мақсаты  ретінде  тұлғаның  азаматтық  қалыптасуы  контексінде 
рухани-адамгершілік  дамуын  белгілейтінін  естен  шығармаған  жөн.  Сондықтан 
тәрбие  мен  әлеуметтендірудің  барлық  бағыттары  маңызды,  олар  бір-бірін 
толықтыра  отырып,  отандық  рухани,  адамгершілік  және  мәдени  дәстүрлер 
негізінде жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. 
Оқушыларды  тәрбиелеу  және  әлеуметтендіру  мақсатындағы  кез  келген  


335 
 
іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбие нәтижелері туралы естен шығармау қажет.  
Тәрбие нәтижесі  –  бұл  қандай  да бір  іс-әрекетке қатысу  нәтижесінде алған  
рухани-адамгершілік құндылықтар.  
Оқушылардың  кез  келген  іс-әрекетінің  тәрбие  нәтижесі  үш  деңгейге 
бөлінеді. 
Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімді игеруі (қоғамдық нормалар, 
қоғамның  құрылымы,  қоғамдағы  мінез-құлықтың  әлеуметтік  ұнамды-ұнамсыз 
түрлері туралы және т.б.), әлеуметтік ақиқат пен күнделікті өмір туралы бастапқы 
түсінік.  Аталған  деңгейдегі  нәтижеге  жетуде  маңызды  орын  алатыны  – 
тәрбиеленушінің  күнделікті  тәжірибесі  мен  оң  әлеуметтік  білімді  тұлға  ретіндегі 
өз педагогімен қарым-қатынас орнатуы. 
Екінші  деңгей  –  қоғамның  басты  құндылықтарына  (адам,  отбасы,  Отан, 
табиғат,  әлем,  білім,  еңбек,  мәдениет)  оң  қарым-қатынасы  мен  оларға  деген 
жанашырлық  тәжірибесінің,  жалпы  алғандағы  әлеуметтік  ақиқатқа  деген  қарым-
қатынас  құндылықтарының  қалыптасуы.  Аталған  межеге  жету  үшін  сынып, 
мектеп  деңгейінде,  яғни  жолдастық,  қауіпсіз  әлеуметтенген  ортада  өзара  қарым-
қатынас  ерекше орын  алады.  Осындай  таныс  әлеуметтік  ортада  бала  ең  алғашқы 
әлеуметтік  білімдерді  тәжірибеде  қолданудың  қадамдарын  жасайды,  оларды 
бағалай бастайды не теріс деп таниды. 
Үшінші  деңгей  –  оқушының  дербес  қоғамдық  іс-әрекет  тәжірибесіне  ие 
болуы.  Аталған  деңгейге  жетуде  оқушылардың  мектептен  тыс  немесе  ашық 
қоғамдық  ортада  әлеуметтік  маңызды  субъектілермен  қарым-қатынас  жасауы 
маңызды болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет