Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


  Жаһандану  жағдайында  білім  алушылардың  зияткерлік,  патриоттық



Pdf көрінісі
бет322/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369
2.  Жаһандану  жағдайында  білім  алушылардың  зияткерлік,  патриоттық, 
рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету 
Білім  алушыларды  әлеуметтік  бейімдеу,  өздігінен  өмірлік  таңдау  жасауға 
дайындауды  негізге  ала  отырып,  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  дамуын, 
жалпы  орта  білім  берудің  тәрбиелік  әлеуетін  күшейту  басымдығы  ретінде  білім 
беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі туындады. 
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының басты педагогикалық мақсаты 
–  Қазақстанның  адамгершілігі  жоғары,  жауапты,  бастамашыл  және  құзыретті 
азаматын тәрбиелеу. 
Мамандандырылған 
мектептің 
оқушыларын 
тәрбиелеу 
мен 


334 
 
әлеуметтендіруді ұйымдастыру келесі бағыттарда жүзеге асырылады:  
1.  Азаматтыққа,  патриотизмге,  адам  құқықтары,  бостандықтары  мен 
міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.  
Құндылықтар: 
- Отанға, өз халқына, туған жеріне деген махаббат; 
- Отанға қызмет ету; құқықтық мемлекет; азаматтық қоғам; 
- Отан, аға ұрпақ пен отбасы алдындағы парызы
- заң және құқықтық тәртіп; этносаралық әлем; 
- еркіндік пен жауапкершілік; адамдарға сенім. 
2. Адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тәрбиелеу. 
Құндылықтар: 
- адамгершілік таңдау; 
- өмірдің мәні; әділдік; 
- қайырымдылық; ар-намыс; абырой; махаббат;  
- ата-ананы құрметтеу
- үлкен мен кішіге қамқорлық жасау; ар-ождан бостандығы.       
3.  Денсаулық  пен  салауатты  өмір  салтына  қарым-қатынас  құндылықтарын 
қалыптастыру. 
Құндылықтар: 
-  дене  саулығы,  әлеуметтік  денсаулық  (отбасы  мүшелерінің  және  мектеп 
ұжымының денсаулығы), белсенді, салауатты өмір салты. 
4.  Табиғатқа,  қоршаған  ортаға  қарым-қатынас  құндылықтарына  тәрбиелеу 
(экологиялық тәрбие). 
Құндылықтар: 
- өмір; туған жер; 
- тұмса табиғат; 
- Жер шары. 
5.  Әсемдік  құндылығына  қарым-қатынасты  тәрбиелеу,  эстетикалық 
мінсіздіктер  мен  құндылықтар  туралы  түсініктерді  қалыптастыру  (эстетикалық 
тәрбие). 
Құндылықтар: 
- сұлулық пен үйлесімділік; 
- адамның рухани әлемі; 
- эстетикалық даму; 
- көркем шығармашылық. 
Көрсетілген  негізгі  бағыттар  мен  олардың  міндеттерінің  құндылық 
негіздеріне  сай  мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  жұмысы  үшін  іс-
әрекет  түрлері  мен  формасы  нақтыланады,  ол  өз  кезегінде  тәрбие  мен 
әлеуметтендірудің қандай да бір бағытына басымдық бере алады. Бұл ретте, «Білім 
туралы»  Заңға  сәйкес  2020-2025  жылдарға  арналған  ҚР  Білім  және  ғылымын 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Тәрбие тұжырымдамасы білім берудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет