145
отырып тәрбиеші білім беру міндеттерін жүзеге асыру, баланың ақыл-ойын
дамыту мүмкіндіктері туралы естен шығармайды. Ол балалардың оларға
ұсынылған қимыл-қозғалыстық тапсырмаларға неғұрлым тұрақты ынта-
ықыласы мен эмоциялық қарым-қатынасын тудыруға және оны сақтауға
қамқорлық жасайды; бұл тапсырмалар балалардың жеке ұсыныстары
формасында кӛрінетін қажетті шешімді іздестіруге бағытталған ой
белсенділігін талап етеді. (Mысалы, жүруді, жүгіруді және қосаяқтап секіруді
кезектесе орындау кезінде мынадай тапсырмаларды ұсынады: қимыл-
қозғалыстың әртүрін ауыстыру үшін сигналдардың формаларын ойлап табу,
олардың алмасу тәртібін ұсыну және себеп-дәлелін беру. Неге басқаша емес,
осылайша болуы керек, т. б). Тәжірибе балаларға мұндай (аса қарапайым және
түсінікке жеңіл) тапсырмаларды, сондай-ақ, оларды игерген білім мен қимыл-
қозғалыс дағдылары негізінде қызықты шешуді (қимыл-қозғалыс әрекеті
техникасы және оларды орындау тәсілдері туралы, кеңістікті бағдарлау,
сабақта қимыл-қозғалыс әрекеттерін алмастыру, т. б.) ұсынғанда олар белсенді
және қуанышпен жауап беретіндігін кӛрсетіп отыр. Кӛрсетілген тапсырмалар
ақыл-ойдың дамуына және шығармашылық белсенділікке, ұйымдастыру
дағдыларын тәрбиелеуге, әрекеттің мақсатты бағыттылығына, тапқырлыққа
және айнала қоршаған жағдайдан бағдар табуға кӛмектеседі. Сӛйтіп, балаларды
үйретудің суреттелген әдістері мен тәсілдері қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру кезінде нәтижелерге жетуге бағытталған.
Дыбыс және жарық
белгілері. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын есту және кӛру, ырғақ,
амплитуда, қарқын, жаттығуға жұмсаған күш мӛлшері уақытын метроном
кӛмегімен ӛлшеу, суда жүзу жолдарын кӛрсететін түрлі-түсті жарық белгілері,
жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: