Дєріс тезистері


Бастапқы үйрену әдістемесі



Pdf көрінісі
бет145/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Бастапқы үйрену әдістемесі. Алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып, 
тәрбиеші  әртүрлі  тәсілдер  жиынтығын  шамамен  мынадай  ретпен 
пайдаланады: 
1.Yлгіні  дұрыс,  айна  қатесіз  анық  кӛрсету.  Оны  тәрбиеші  басынан  аяғына 
дейін  тиісті  қарқынмен  эмоциялы  орындап  шығады,  бұл  балаларға  қимыл-
қозғалыстың  тұтас  образын  динамикалы  түрде  қабылдауға,  оларды 
қызықтауға және оны орындауға ұмтылуға мүмкіндік береді.  
2.Қозғалысты  құрайтын  қимыл-қозғалыс  әрекеттерінің  барлық  элементтерін 
түсіндіре отырып, едәуір баяу қарқында даралап кӛрсету. Мысалы, тәрбиеші: 
«Балалар, тағы да қараңдар, мен таяқты жоғары кӛтеремін де, соған қараймын, 
содан  соң  оны  бүгіліп  тұрған  сол  тізеге  түсіремін  де,  «тізеге  тигізіңдер» 
деймін,  ал  аяғымның  басы  тӛмен  қарай  созылып  тұрады»,-дейді.  Бұлайша 
даралап кӛрсеткенде еш уақытта есептеуді (бір, екі, үш т. б.) қолданбау керек, 
есептеудің  санаға  кӛмегі  тимейді  және  балада  қажетті  алдын  ала  бағдарлау 
тудырмайды,  сонымен  бірге  сӛз  балалардың  санасына  әсер  ете  отырып, 
кеңістікке (солға, оңға, жоғары, тӛмен) бағдарлау-зерттеу рефлексін тудырады 
және  ӛз  денесі  мүшелерінің  қимыл-қозғалысы  жайлы  (қолды  кӛтеру,  бүгіліп 
тұрған  тізеге  түсіру  т.  б.)  түсінік  береді.  Бұдан  кейін  балалар  тәрбиешінің 
нұсқауларын  тыңдай  отырып,  әрекетті  ӛз  беттерімен  жасайды,  яғни  ӛз 
саналарында  қалыптасқан  қимыл-қозғалыс  бейнесін  тәжірибе  жүзінде 
тексереді, ал тәрбиеші балалардың тапсырманы қалай түсінгенін қадағалайды. 
Бұл  тәсілдердің  барлығы  ми  қыртысында  уақытша  байланыстардың  пайда 
болуын  қамтамасыз  етуіне  және  осы  қозғалысты  құрайтын  қимыл-қозғалыс 
элементтерінің  бүкіл  ретін  баланың  есте  саналы  сақтауына,  бұлшық  еттік 
түйсікке  сүйеніп  олардың  тұтас,  қимыл-қозғалыстық  бейнеге  бірігуіне 
кӛмектесуі  тиіс.  Дегенмен,  егер  мұның  ӛзінде  балалар  қимыл-қозғалысының 
тапсырмаға  қалай  да  бір  сәйкес  келмеуі  кӛрініс  берсе,  ол  тәрбиешінің 
түсіндіріп айтуы немесе кӛрсетуі жолымен реттелінеді. 
Кӛрсетілген  тәсілдер  орта  топтан  бастап  қолданылады.  Балабақшаның 
екі  кішкентайлар  тобын  алатын  болсақ,  онда  бұл  жастағы  балалардың 
үйретілуіне  кӛбіне,  ойындық  тәсілдер  немесе  тәрбиешінің  түсініктеме 
беруімен және осы әрекеттерге балаларды тартумен бірге қалай жасау үлгісін 
кӛрсету  пайдаланылады.  Yйрету  әдістемесінің    осындай  ӛзіндік  ерекшелігі 


 
172 
кішкентай балалар назарының бір бағытта шоғырлануының жеткіліксіздігінен 
алдын  ала  бақылауға  қажетті  ұстамдылықтың  жоқтығынан,  балалардың 
ӛздерінің  кӛз  алдарында  ӛтіп  жатқан  нақты  қимыл-қозғалысқа  еліктеу 
процесінің  ӛзін  ғана  қанағат  тұтуынан  анықталады.  Кӛрсетілген  қимыл-
қозғалыстарды  орындау,  тәрбиешінің  мадақтауы  балаларда  дұрыс  қимыл-
қозғалыс  дағдыларын  қалыптастырудың  бастапқы  кезеңінің  табысты  болуын 
айқындайтын эмоциялық жағымды жағдай туғызады. 
Қимыл-қозғалыстарды тереңдете үйретудің екінші кезеңіндегі міндеттер 
үйреніп  жатқан  әрекет  техникасы  детальдарын  орындау  дұрыстығын 
анықтаудан,  бар  кемшіліктерді  бірте-бірте  түзетуден  және  қимыл  қозғалыс 
әрекетінің  тұтасынан  алғанда  дұрыс  орындалуына  қол  жеткізуден  тұрады. 
Шартты рефлекстердің пайда болу мехнизмін ескере отырып, педагог санада 
және  бұлшық  еттік  түйсікте  осы  әрекет  элементтерінің  бір  ізділігін, 
түйсіктердің  нақтылығын  қайта  қалыпқа  келтіруі  тиіс.  Қимыл-қозғалысты 
саналы  қайталау  процесінде  дифференциалды  тежеліс  бірте-бірте  дамиды, 
екінші  сигналдық  системаның  рӛлі  артады.  Ми  қыртысында  қозудың 
иррадиациялануы  бірте-бірте  олардың  барған  сайын  шоғырлануымен 
алмасады.  Қозу  тәрбиеші  нығайта  түскен  қоздырғыш  сипатына  сәйкес 
болатын  жүйке  клеткаларына  қарай  ұмтылады.  Сонымен  бірге  тәрбиешінің 
тежеу қоздырғышы сипаты бар нұсқаулары арқасында балаға кедергі болатын 
қимыл-қозғалыстардың  бәрі  бірте-бірте  тежеледі,  саптан  шығып  қалады. 
Нақты  кӛрсетуге  сай  келетін  немесе  тәрбиеші  сӛзімен  бекемдене  түсетін 
қимыл-қозғалыстар 
ғана 
орнығып 
қалады. 
Қимыл-қозғалыстар 
дифференциялы тежелістің барған сайын дамуы күшімен бірте-бірте реттеліп, 
нақтыланады.  «Бұдан  кейінгі  дифференциалану  кезінде  рефлекстің 
мамандандырылуы  басталады.  Дифференциалану  етек  алған  сайын  ішкі 
тежеліс  бекемденетін  байланыстардың  бәрін 
тежей  отырып,  ми 
қыртысындағы ошақтарды неғұрлым шектей түседі».  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет