Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет164/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Күшті дамыту әдістемесі 
Сыртқы қарсылықты  жеңу немесе бұлшық ет кӛмегі арқылы оған  қарсылық 
кӛрсетуді  күш  дейміз.  Күш  үш    түрлі  бұлшық  ет  жұмысы  тәртібінде  пайда 
болады:  
1.Жеңу тәртібінде бұлшық ет жиырылады.  
2.Кӛну тәртібінде бұлшық ет созылады.  
3.Қозғалмайтын (статикалық) тәртіпте бұлшық еттің ұзындығы ӛзгермейді.  
Күштің  пайда  болу  түрлері:    күш  мүмкіншілігі  -  статикалық  кезде  (дене 
қалыбын  ұстау)  және  ақырын  қозғалыс  кезінде  пайда  болады.  Күш 
жылдамдылығының  мүмкіншілігі  тез  жылдам  қозғалыста  пайда  болады 
(секіру, лақтыру т.б.). Адам денесі күштің пайда болу процесінде үлкен маңыз 
атқарадыАдамның қозғалысқа ӛз дене салмағын есептемей кӛрсеткен күшін-
абсолютті  күш  дейміз.  Әрқилы  салмақтағы  адамдардың  күшін  салыстыру 
үшін  салыстырмалы  күш  деген  ұғым  пайдаланылады.    Спортшылардың 
салмағы  ӛсумен  бірге  абсолюттік  күші  кӛбейеді,  ал  салыстырмалы  күші 
азаяды.  Жаттығушылар  абсолюттік  немесе  салыстармалы  күштерін  спорт 
түрлеріне  байланысты  дамытады.  Мысалы,  жеке  сайыстағы  спортшыларға 
(ауыр салмақ дәрежесіндегілерге), лақтырушыларға (найза, гранат) абсолюттік 
күш  кажет,  ал  гимнастикамен  айналысатындарға,  акробаттарға,  палуандарға, 
штангашыларға  (жеңіл  салмақ  дәрежесіндегі)  салыстырмалы  күш  керек.  Ол 
күш  неғұрлым  кӛп  болса,  соғұрлым  спортшылардың  дене  қуатының 
дайындығы жоғары болмақ. 
  
Күшті дамытудың амалдары мен әдістері. Күшті дамыту үшін жоғары 
қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бӛлінеді:  
1.Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әртүрлі спорт 
құралдарының салмағы, серігінің қарсы әрекеті, сыртқы ортаның қарсылығы 
жатады. 
2.Ӛз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (серіппеде тартылу, 
отырып тұру, секіру, т.б.). Ауырлық шамасын білу үшін спортшы қанша рет 
кӛтере алатыны белгілі салмақ колданылады. Oл салмақ қайталау максиумы 
(ҚM) деп аталады. Мысалы: 2 ҚМ дегеніміз - спортшы екіден артық кӛтере 
алатын салмақ.  
Дене тәрбиесі тәжірибесінде мынадай кең тараған күш дамыту әдістері бар: 
1.Максималдық күш салу әдісі. Жаттығуларды аса ауыр заттармен орындау 
сипаты (ауыр салмақты штангіні кӛтеру, салмақ қосып тарту, т.б.), жүйкені 
бұлшық ет аппаратының жұмысын шегіне жете қолдануға, сол арқылы күштің 
кӛп ӛсуіне мүмкіндк береді. Алайда, бұл әдіс психологиялық ауруға 
соқтырады, сондықтан да балалармен жұмыс істегенде бұл әдісті байқап 
қолдану керек. Қарсыласу шамасы 1-4 ҚМ бір жаттығу сабағында 3-4 
бӛліммен орындалады. Бӛлім аралығында тынығу толық бастапқы қалыпқа 
келгенге дейін 3-5 минутке созылады.  
2.Қайталап  күш  салу  әдісі.    Бұл  әдіс  екі  негізгі  ауырлық  шегі  аймақтарына 
бӛлінеді. Әрбір аймақта жаттығу әбден болдырғанша немесе шамасы келмей 


 
199 
қалғанша орындалады. Бұл жағдайда соңғы әрекеттерде күш түсірудің шегіне 
жету  әсері  байқалады,  жаттығуға  кӛптеген  бұлшық  еттер  саны  қатысып, 
кӛмектесе бастайды. 
Бірінші аймақ: жаттығу сабағында қарсыласу шамасы 4-12 ҚМ (максимумнан 
30-70),  3-6  сериямен  орындалады.  Серия  арасындағы  тынығу  2-4  минут. 
Мұнда  организм  толық  бастапқы  қалпына  келмейді.  Бұл  жерде  абсолюттік 
күш және күш тӛзімділігі дамиды. 
Екінші  аймақ:  қарсылық  шамасы  15-25  ҚМ  (максимумнан  30),  15  сериядан 
артық  орындалады.  Серия  арасындағы  тынығу  2-4  минут.  Мұнда  күш 
тӛзімділігі  дамиды.  Жаттығу  ӛте  тез  қарқында  орындалса,  күш 
жылдамдылығы  қасиеті  ӛседі.  Қайталап  күш  салу  әдісі  балаларды 
зақымдандырмайды.  Тәсілді  жақсарту  жұмысын  жеңілдетеді,  зат  алмасу 
процесін жеңілдетеді, бұлшық етті ӛсіреді. Жеке бұлшық ет топтарын дамыту 
үшін қолдануға болады. 
3.Статикалық  (қозғалмайтын)  күш  салу  әдісі:  балалар  мен  жасӛспірімдердің 
күшінің  ӛсу  қарқыны  сүйек-бұлшық  ет  жүйелерінің  морфофункционалдық 
ӛзгеруіне,  организмнің  жалпы  биологиялық  жетілуіне,  қозғалыс  белсенділігі 
деңгейіне, т.б. кӛптеген себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппаратты 
ӛзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан мектепке дейінгі, бастауыш 
және  орта  мектеп  жасындағы  оқушылардың  күшін  дамытуды  жылдамдатуға 
болмайды.  Статикалық  жаттығуларды  шектеп  жалпы  қозғалыс  сипатындағы 
жаттығуларды  кӛп  қолдану  қажет.  Күштің  пайда  болуы  бірінші  кезекте 
күштен  және  бұлшық  ет  аппаратының  қызметін  реттеп  отыратын  жүйке 
процестерін  шоғырландырудан  туындайды  (JI.А.Крестовников).  Мектеп 
жасына дейінгі балалар тәрбиесінде олардың организмінің жасқа байланысты 
ерекшеліктері  –  бұлшық  еттерінің  әлсіздігі,  жүйке  жүйелері  реттеуінің 
жеткіліксіздігі,  бүгу-бұлшық  еттері  тонусының  басымдығы  ескеріледі. 
Сондықтан  күшті  біртіндеп  дамытуға  арналған  жаттығу  негізгі  бұлшық 
еттерді  күшейтуге  және  омыртқаларды  түзетуге  бағытталуы  керек  (денені 
жалпы  дамытатын  жаттығу).  Тиянақтылықпен  іріктелген  «тірек-қимыл 
аппараттың  мүмкіндіктерімен,  ірі  бұлшық  ет  топтарының  басым  дамуымен, 
қысқа  мерзімді  шапшаңдық-күш  салуды  балалардың  жүрек-қан  тамыр 
жүйесінің  жақсы  сезінуі  айқындайтын  динамикалық  жаттығулар  (жүгіру, 
лақтыру,  секіру  кезіндегі  әртүрлі  жаттығулар,  сондай-ақ  тік  тұрған  және 
кӛлбеу  қойылған  сатыға  ӛрмелеу)  қысқа  мерзімді  шапшаңдық-күш  салуды 
кӛздеуі  керек  (E.  Н.  Вавилова).  Секіруді,  жүгіруді  (30  м),  лақтыруды 
ұзақтыққа  орындау  процесінде  баланың  қозғалыс  тездігін  дамытуы,  шапшаң 
күш  қолдана  –  қозғалыстың  тез  орындалуын  жүйке-бұлшық  ет  күштерінің 
үйлесімімен  ұштастыра  білуі,  яғни  шапшаңдық-күш  қабілетін  кӛрсете  білуі 
қажет.  Бұл  қасиеттерді  дамыту  үшін,  Е.  Н.  Вавилованың  деректеріне 
қарағанда, шағын биіктіктен секіріп түсіп, одан әрі жоғары немесе алға карай 
ырғуды,  жақын  жерден  жүгіріп  келіп,  орнынан  жоғарыға  қарғуды,  жүрелеп 
отырған  қалыпта  жоғары,  бір  орында  және  ілгері  қарай  жылжи  секіруді, 
сызықтың  немесе  таяқтың  үстінен  бірде  жай  және  бірде  тез  қарқынмен 
секіруді  қолдануға  болады.  Секіруді  орындаған  кезде  бір  немесе  екі  аяқпен 


 
200 
жерден  ширақ  серпілуге,  тізені  сәл  ғана  бүгіп,  жерге  жайлы  түсуге  және 
аяқтың тез тіктелуіне кӛп кӛңіл белу керек. Бұлшық ет күштерінің бір-біріне 
сай  дамуына,  қимыл  үйлесіміне,  тыныс  беретін  бұлшық  ет  қызметін  және 
соған  сәйкес  сыртқы  тыныс  алу  қызметін  функциялық  жағынан  жетілдіруге 
доппен жаттығу жасау кӛмектеседі. Қимыл жасағаннан кейін шапшаңдық пен 
басқару кезінде бұлшық еттердің тез тартылуының кезектесуі  жүйке бұлшық 
еттерінің  реттелуін  жетілдіруге,  бұлшық  еттердің  және  сол  арқылы 
шапшаңдық-күш  қабілеттерінің  дамуына  кӛмектеседі.  Жалпы  денені 
дамытатын  жаттығуларды  жүргізу  кезінде  балалардың  ӛздерінің  жасына  сай 
келетін,  күш  түсірмейтін  жаттығуларды  (мысалы,  допты  жоғары,  алға  қарай 
қолды  созып,  кӛтеріп  тұру,  тӛмен  түсіру,  допты  қолға  ұстап  отыру,  оны 
домалату, допты кеудесіне тіреп тұрып лақтырып жіберу немесе итеріп қалу, 
басынан  асырып  лақтыру)  кеңінен  пайдалану  керек.  Бұл  жаттығуларды 
балалардың  игеруіне  қарай  оларды  серуен  кезінде  кӛп  қимылдайтын 
ойындарда және спорттық жаттығуларда қолдануға болады. Ал кіші және орта 
мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдірудің негізгі міндеттері: барлық 
бұлшық  ет  топтарының  үйлесімді  дамуы,  дененің  түзу,  дұрыс  қалпын 
қалыптастыру, берік "бұлшық ет белдемесін" құру. Мектепке дейінгі жастағы 
балалардың  күшін  жетілдірудің  қарапайым  амалдары:  гимнастикалык 
қабырғаға, сүйенбелі сатыларға ӛрмелеу, ұсақ доп лақтыру, секіру, жеке сайыс 
элементтері  бар  қозғалмалы  ойындар  ойнау  және  т.б.  Бірте-бірте  күшін 
жетілдіру  талабы  артады:  доппен  жаттығулар,  арқанға  ӛрмелеу,  қозғалыс 
сипатта  күш  түсіретін  қозғалмалы  ойындармен  жаттығу,  т.б.  қолданылады.  
Мектеп  жасында  күшті  арттыру  амалдарын  кӛбейтуге  болады.  Бұл 
жастағыларға  арнайы  кұрастырылған,  бұлшық  ет  топтарына  арналған  ұсақ 
ауырлықтармен  қозғалыс  сипаттағы  күш  жаттығуларының  кешенін  ұсынған 
жӛн.  14-15  жастағы  жасӛспірімдердің  денеге  күш  түсіретін  жаттығулар 
жасауына  шамалары  жетеді.  Осы  жастан  күшке  бағытталған  жаттығулар 
беруге  болады.  Осы  міндеттерді  орындау  үшін  дене  тәрбиесі  сабақтарында  
доптармен  жаттығу,  айналмалы  жаттықтыру,  арқан  тартысу  сияқты  күш 
ойындары,  т.б.  қолданылады.  Жаттығу  динамикалық,  статикалық  сипаттарда 
орындала  береді.  Абсолюттік  күштің  табиғи  ӛсуі  бозбалалардың  16-17, 
қыздарда  10-11  және  16-17  жаста  айқын  байқалады.  Осы  кезеңдерде 
жүргізілген жаттығулар күш дайындығының жедел жетілуіне кӛмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет