204
жүгіру, әртүрлі кедергілерді жоя отырып шығырға кіру, отырғыштың үстімен
жүріп келе жатып қарсы кездескен баладан бұрылып кету, заттан секіріп ӛту
және т. б., сондай-ақ лақтыру, доп ойнау секіру, ӛрмелеу, денені жалпы
дамытатын, әсіресе, заттармен және тағы басқалармен жасалатын
жаттығулар). Ептілікті жетілдіру үшін ең жақсы жағдай қимыл-қозғалысы кӛп
ойындарда жасалады: бала тез ойлап табу, кӛз жеткізу, заттардың арасымен
ептілікпен жүре білу күтпеген жерден жағдай ӛзгерген кезде кеңістік және
уақыт бағдарының кӛмегімен қолайлы сәтті пайдалана отырып, инициатива
жасау қасиетін кӛрсетуі керек. Ептілікті жетілдіру үшін заттармен-секіргіш
жіппен, доппен, шығырмен, таяқпен және т.с. жаттығуды жақсы жасауға
тапсырма беру тиімді болады. Екеу-екеу, шағын топ боп бірлесіп-доппен,
құрсаумен, сырықтармен, жіптермен және басқалармен жаттығу жасау
пайдалы. Ептілікті дамыту міндеті жаттығуларды жүйелі түрде ӛзгертіп
отыруды немесе жаңалықты қолдап отыру және үйлесімділік қиындығын
біршама арттыру үшін олардың жаңа варианттарын қолдануды талап етеді.
Баланың қозғалыс дағылары неғұрлым қалыптасқан сайын жаңа қозғалысты
игеру жеңілдей түседі және ептілік жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: