207
нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядты лақтыру, т.б.) жылдамдық
қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Жылдамдық мүмкіншіліктерінің
дамыту жағдайына қолайлы жас қыздарда 11-12 жас, жасӛспірім
ұл балаларда -
12-13
жас. Мектепке дейінгі жастағылардың негізінен қарапайым
жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақыт тез жылжып,
орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әртүрлі жаттығулар беріледі.
Мысалы, эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу
жаттығулары, т.б. Орта мектеп жасында жылдам күш жаттығуларын кӛп
жасатудың маңызы зор. Мәселен, секіру, кӛп ретте жоғары секіру,
үдемелі жаттығулар. қысқа қашықтыққа қатты жүгіру (30-60)
жаттығулары, т.с.с. Жоғары сынып окушыларына мұндай жаттығулар
күрделенеді. Ӛз жылдамдығын, күш жылдамдығын және тӛзімділік
жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны (100-200) кӛбейеді.
Спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Балаларға
жылдамдық жаттығуларын бұлшық ет босаңситын жаттығулармен
араластыра орындату керек (жорғалай жүгіру, аяқты, қолды сілку, т.б.).
Жаттықтырушы ӛзінің практикалық жұмысында мүмкіншілігі қысқа
қашықтыққа жүгіруде ғана емес, жылдамдық күші қасиетінің даму
денгейіне де байланысты екенін ескеруге тиіс. Жылдамдық (шапшаңдық)
дене тәрбиесі теориясында «тікелей және басымдығы жағынан қозғалыстың
шапшаңдық сипатын, сондай-ақ қимыл реакциясының уақытын айқындайтын
адамның функциялық қасиетінің кешені» ретінде қарастырылады. Iс жүзінде
бұл қимыл әрекеттерін ең қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен кӛрінеді.
Шапшаңдық
қимыл
реакциясының,
жекелеген
қозғалыстардың
жылдамдығымен, әлденеше рет қайталанатын қозғалыстардың жиілігімен
анықталады. Реакциялар қарапайым және күрделі болып бӛлінеді. Қарапайым
реакция алдын ала белгілі қозғалысқа, сонымен бірге алдын ала белгілі, бірақ
тосыннан пайда болатын сигналға орай әрекет етуден кӛрініс табады (мысалы,
балалар үшін «Жүгіріп ӛту» ойынындағы «Жүгір!» деген сигнал). Күрделі
реакция – бұл қозғалыстағы объектіге реакция және таңдау реакциясы.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қозғалыстағы зат реакциясын сезудің
қарапайым формасы қолайлы (мысалы, доп ойнау, бір-біріне доп лақтыру,
тордан асырып лақтыру және т. с.) болады. Шапшаңдық балаларды негізгі
қозғалыстарға үйрету процесінде дамиды. Е.Н.Вавилованың деректеріне
қарағанда, шапшаңдық қабілеттін дамыту үшін тез және жай жүгіру
жаттығуын: қысқа аралыққа ең жоғары қарқынмен жүгіруден неғұрлым
байыпты қарқынға кӛшумен алмастыруды пайдалану керек. Әртүрлі қар-
қынмен жаттығуларды орындау балалардың ұсынылған қарқынға сәйкес сан
алуан бұлшық ет күшін жұмсай білуін дамытуға кӛмектеседі. Сабақтарда және
ойнау әрекетінде күрделенген стартты жағдайдағы (отырып, жүрелей отырып,
бір тізерлеп тұрып және т.б.) жүгіру қолданылады. Шапшаңдықтың дамуына
қозғалысы кӛп ойындар да кӛмектеседі. Бұл ойындарда бала сигнал бойынша
жылдамдық тапсырмасын орындай отырып, қимыл-қозғалыс сипатын,
жағдайдың ӛзгеруіне байланысты оның шапшаңдығын ӛз бетімен ӛзгерте
алады (мысалы, жетекшінің қағып алу, қуып жету және т.б. кезіндегі әрекеті).
208
Баланың дұрыс қимыл реакциясы қозғалыстағы заттың («қағып алынатын»)
бағыты мен жылдамдығын, аралық пен оның жақындау уақытын ескере
отырып, тез барлай білуімен анықталады. Бұл жүйке процестерінің
ширақтығын белгілі дәрежеде дамытуды талап етеді және олардың жетілуіне,
сондай-ақ кейбір арақашықтықтың, мерзімдік және кӛз ӛлшемі бағалауына
кӛмектеседі. Мұның бәрі ӛзгеріп отыратын жағдайда баланың дұрыс бағдар
ұстауына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: