210
диафрагма) тыныс беретін жоғары серпінді қозғалыс болмайды, тыныс алу
үстіртін, баяу болады. Шапшаң дене шынықтыру жаттығулары процесінде
оттегіге деген кӛп қажетсіну пайда болады: бала таза ауаны сіміре жұтып
терең тыныс ала бастайды және сонымен бірге организмде пайда болған кӛмір
қышқылын сыртқа шығару қажеттігін сезеді, мұның ӛзі дем шығару
қажеттігін туғызады. Жаттығу тыныс алуды реттейді және күшейтеді, кӛкірек
қуысының дамуына және ширақ қозғалуына кӛмектеседі, ӛкпенің тыныс алу
сыйымдылығын ұлғайтады, оттегі мен қоректік заттардың ағылып келуі
арқасында қанның құрамы жақсарады. Барлық жаттығуларды орындау кезінде
баланың дұрыс тыныс алуы маңызды рӛл атқарады. Ол ретімен белгілі (тс,
шш, пф және т.б.) дыбыстарды шығарып, толық интенсивті терең тыныс алу
және біртіндеп баяу дем шығару болып табылады. Мұның, әсіресе, оттегі
тәртібіне ӛте сезімтал дамып келе жатқан бала организмі үшін зор маңызы
бар. Балаларды дене шынықтыру жаттығулары процесінде қимыл фазасы мен
тыныс алу фазасының дұрыс ұштастыруға үйретіп, сол арқылы тыныс алу
аппаратының жұмысын жетілдіру керек. Балабақшаның тәрбиесінде әрбір
жекелеген жаттығуда дұрыс тыныс алу және дем шығару сәтін айқын білу
қажет. Иық белдеуі бұлшық еттерін дамытатын жаттығулардағы тыныс алу
қолды жан-жаққа созу, артқа қарай сермеу, жоғары кӛтеру кезіндегі кӛкірек
қуысының кеңеюімен әрдайым ұштасады, дем шығару қолды тӛмен түсіру,
алға созу, алға созып шапалақтау кезіндегі кӛкірек қуысының тарылуымен
байланысты. Құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытатын
жаттығуларда аяқ тікейген кезде тынысы алынады, аяқты тізеден бүккен,
отырған кезде дем шығарылады. Арқаның бұлшық еттері мен омыртқаның
иілгіштігін дамытатын жаттығуларда алға қарай еңкейгенде тыныс алу
тіктелумен, дем шығару- кеудені алға-тӛмен июмен, қапталға қисайған кезде
дем шығару-бір жаққа қарай, мысалы оңға, ал тыныс алу кезек орындалып
басқа (солға) қисаюмен ұштасады немесе, тыныс алу бір жаққа қарай иілумен,
дем шығару тіктелумен ұштасады. Кеуде толық бұрылған кезде: бір жаққа
бұрылғанда тыныс алынады, екінші жаққа бұрылғанда дем шығарылады (әр
жаққа бұрылған сайын кезекпен). Жартылай бұрылғанда тыныс алу бір жаққа
бұрылумен, дем шығару тура тұрумен ұштасады, екінші жаққа бұрылғанда да
дәл солай. Жаттығуларды орындау процесінде балаларды мұрыннан тыныс
алуға үйрету керек, мұның ӛзі ауаның ӛкпеге бір қалыпты барып жетуін
қамтамасыз ететіні белгілі, оның үстіне мұрын жолдары арқылы ӛткен ауа
жылиды, тазарады, содан кейін барып кӛмейге жетеді. Дене шынықтыру
жаттығуларын жүйелі түрде жүргізу қажетті шартты рефлекторлық
байланыстарды қалыптастыруға кӛмектеседі, балаларда біртіндеп ырғақты
тыныс алу стереотипі пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: