Дєріс тезистері


Дене  шынықтыру  сабақтары.  Сабақтың  жалпы  сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет193/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Дене  шынықтыру  сабақтары.  Сабақтың  жалпы  сипаттамасы.  Дене 
шынықтыру  сабақтары  -  балаларға  дене  шынықтыру  жаттығуларын  жүйелі 
түрде  үйретудің  негізгі  формасы.  Сабақтың  арнаулы  міндеті  барлық  жастағы 
топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу 
болып табылады. Сабақтың маңыздылығы ӛзара байланысты сауықтыру, білім 
беру,  тәрбиелеу  міндеттерін  жүйелі  түрде  жүзеге  асыру  болып    табылады, 
олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, 
олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруін, дене тәрбиесі мен спортқа 
эмоционалды-жағымды  қатынасын  қалыптастыруды,  оның  жеке  басын  жан-
жақты қамтамасыз етеді. 


 
245 
  
Сауықтыру  міндеттерін  жүзеге  асыру  тиімді  гигиеналық  жағдайда 
организмдегі  бүкіл  физиологиялық  процестердің  артуына,  оның  ӛмір  іс-
әрекетін  күшейтуге  кӛмектесетін  сабақтарда  балалардың  жан-жақты  қимыл 
әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі. 
          Тәрбие-білім беру міндеті оқу іс-әрекеті (сабақ) процесінде баланың жеке 
басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, дене шынықтыру мен 
спорт  саласының  кейбір  қарапайым  білімдерін  хабарлау,  дұрыс  қимыл-
қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі, Мұның 
бәрі  баланың  танымын,  ерік  және  эмоционалдық  күшін,  оның  ақыл-ой 
қабілетін,  адамгершілік  қасиеті  мен  шығармашылық  белсенділігін  кешенді 
дамытуға  бағытталған.  Сабақ  қоршаған  ортаға  жақсы  бейімделгіш,  алға 
қойылған  тапсырмаға  сай  нысаналы,  тез  әрі  сенімді  түрде  әрекет  ете  алатын 
тәртіпті  адамдарды  тәрбиелеуге  кӛмектеседі.  Сӛйтіп,  алға  қойылған  барлық 
міндеттерді  сабақ  процесінде  жүйелі  түрде  орындау  балалардың  рухани  және 
дене  күшін  қалыптастырады,  оларды  мектепке,  спортпен  және  одан  әрі 
қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға дайындайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет