Арнайы топқа күшті сарп (ревматизм) дертіне шалдыққаннан кейін 6-12
ай ӛткесін, дерттің қайталап қозу кезеңі аралығында сарппен, жүрек ауруымен
ауыратын, дене дамуында елеулі түрде кейін қалған, асқа тәбеттің тартпауымен
қосарлана жүретін ішек-асқазан ауруларын басынан ӛткізген, алыстан
кӛрмейтін, козғалыс-тірек аппаратының ақауы бар балаларды жатқызады.
Олардың дене тәрбиесі елеулі түрде шектеледі немесе онымен айналысуға тіпті
рұқсат етілмейді. Осы топтағы балаларға емдеу дене шынықтыруын белгілеу
және дәрігердің тікелей бақылауымен 30-45 минуттен аптасына 2-3 рет сабақ
ӛткізу тиімді. Дене тәрбиесінің пайдалы екендігіне дәрігер күмәнді болса
сабаққа рұқсат етпейді. Баланың денсаулық жағдайына байланысты
мамандармен кеңескеннен кейін дәрігер жаттығудың нақты түрлерін белгілейді,
олардың орындалу ұзақтығын анықтайды, балалардың іс-қимылы мен
денсаулығын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Қатты науқастанып
тұрған балаларға дене тәрбиесі сабақтарына қатынасуға уақытша рұқсат
етілмейді.