Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет244/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

  
Даярлық  тобына  денесін  аз  жаттықтырған,  жүрек-қан  тамырлары  және 
тыныс  алу  қызметінде  шамалы  ғана  функционалды  ауытқушылығы  бар, 
гастритпен,  созылмалы  бронхитпен  ауыратын,  бұрын  күшті  жұқпалы 
аурулармен  (дифтерия,  скарлатинамен)  ауырған  балаларды  енгізеді.  Даярлық 
тобындағы балалардың кӛпшілігі жылдам шаршауымен, жүйке және жүрек-қан 
тамырлары  жүйесінің  жоғары  деңгейде  қозуымен  ерекшеленеді.  Осыларға 
байланысты  күш  жаттығулары  мен  шыдамдылықты  арттыруға  бағытталған 
жаттығуларды  мӛлшерлегенде  ерекше  бір  ұстамдылықты  сақтау,  секірулердің, 
қысқа  қашықтыққа  жүгірулердің,  арқанмен  ӛрмелеудің  санын  шектеу  қажет 
болады,  жаттығу  құрамынан  қашықтыққа  жүгіру  мен  шаңғымен  жүру 
жаттығуын  алып  тастаған  жӛн.  Гимнастикалық,  спорттық  жаттығулар 
техникасын  даярлық  тобының  балалары  бағдарлама  талаптары  шегінде  жалпы 
негізде оқып үйренеді. Дегенмен, жүктеме біршама азайтылады және жаттығуды 
іріктеп  алу  мен  жүктемені  мӛлшерлеуде  үлкен  кӛлемде  жекелеу  ісі  жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет