- креативтілік ұстанымы – мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын
қалыптасқан
дағдыларын
ӛзіндік
іс-әрекет
жағдайларында
қолдану
мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы
қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін ӛздігінен
таба білу қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру.
Бағдарлама бес білім беру саласын қамтиды және мектепте білім алуға
бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды кӛздейді.
Әр саланың мазмұны тӛмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға
бағытталған:
- денсаулық сақтау; - коммуникативтік-тілдік; - танымдық; - шығармашылық; - әлеуметтік. 5-6 жастағы балалар үшін «Денсаулық» білім беру саласының базалық
мазмұны бойынша дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
тӛмендегідей жүзеге асады:
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын
жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға
тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.
Міндеттері: - денсаулығын нығайту, балалардың жалпы физиологиялық жетілуін
жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру,
жағымды эмоционалды кӛңіл күй ортасын жасау;
- күнделікті ӛмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау
дағдыларын қалыптастыру;
- физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту,
шыдамдылығын шыңдау;
- балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы
ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды игерту;
- балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру,
құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;
- жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға
бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай
жасау;
-
белсенді
қимыл
іс-әрекеттеріне
және
оған
қажеттілікке
қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың,
негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін
қалыптастыру.