Спорттық жаттығулар Шанамен сырғанау. Тӛбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен
сырғанау. Шанамен тӛбешікке кӛтерілу. Тӛмен түсіп келе жатып тежеу. Бірін-
бірі сырғанату.
Сырғанау. Мұз айдынында екпіндеп келіп ӛз еркімен сырғанау. Сырғанау
кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар
орындау.
Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға
жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге
шаңғымен жүріп ӛту. Бір орында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа
шеңбер жасап тұру. Тіке аяқты алға шырша, жартылай шырша сияқты тастап
тӛбешікке шығу. Аласа тіреу бойымен тӛмен түсу. Ӛз еріктерімен шаңғы алып,
орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына алып жүру.
Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен
қос дӛңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және
сол аяқпен итеріп самокатпен жүру.
Жүзу.Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау
(жоғары, тӛмен). Судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын
кӛлденеңінен созып). Иекке, кӛзге дейін суға батырып отыру, суға бетті түгел
батырып, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасын екі
аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау. Арқамен және кеудемен сырғанап, суға
демін жіберу. Баланың ӛзіне ыңғайлы кез-келген тәсілімен жүзу.
Гидроаэробика. Ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да
жалпы дамыту жаттығуларын жасау.