9.5 Стандарттар және бағалар
Жұмыстар тексеріліп, барлық компоненттер үшін балдар
жинақталғанда, тиісті деңгейлерге баға қою үшін шешім бойынша
жұмыс басталады. Балл орнына (балдарға қосымша) бағаларды қолдану
себебі:
стандарт
үшін
бағаның
маңызын
осы
бағамен
орайластырылатын жетістіктердің дескриптивтік өлшемдерін анықтау
арқылы білуге болады. Бұл стандарттар статистикалық мәліметтер мен
кәсіби шешімдердің үйлесімін қолдану арқылы жылдан жылға
сақталады. Бұл екі бағаның арасындағы айырмашылыққа негізделген
шешімнің объективтілігінің, балдар арасындағы айырмашылыққа
негізделген шешімге қарағанда, анағұрлым жоғары екендігін білдіреді.
Бағалау стандарты осы бағалармен беріледі және баға қою үдерісі
бағалаушы ұйымға бағалаудың бірінші жылына тиісті стандарттарды
анықтап, келесі жылдары сол стандарттарды ұстануға мүмкіндік береді.
Зияткерлік мектептердің бағалаушы ұйымы 5, 10, 11 және 12-
сыныптарда жиынтық бағалау үшін A*, A, B, C, D және E бағаларын
қолданады. Бұл «бағалар жүйесі» сыналды, тестіленді және
халықаралық стандарттармен салыстырудаа көмектеседі. Бесінші
сыныптағы жиынтық бағалау үшін, нәтижелер туралы ақпараттарды
қолдану әртүрлі болатындықтан, бағалардың басқа, әлдеқайда ықшам
жүйесі ыңғайлы.
A*, A, B, C, D және E бағалар жүйесін қолдануда А, С және Е
бағаларының ең төменгі балы, әдетте, статистикалық мәліметтер мен
кәсіби шешімді қолдану арқылы белгіленеді, ал басқа бағалар
арифметикалық жолмен есептеледі. Әр баға үшін (өту балы) ең төменгі
өту балдары туралы шешім әртүрлі техникалық және статистикалық
мәліметтермен, сондай-ақ бас емтиханшылардың кәсіби шешімімен
бекітіледі. Төменгі өту балын анықтау үдерісі «баға қою» сияқты
белгілі және төменде қысқаша сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |