– Қазір жыл сайын жаңадан мектептер ашылып, ана тіліндегі білім ұялары көбейіп отырған шақта сіздің лицейдің атқарар қызметі, мақсаты қандай болмақ? – Шындығы керек, біз ата-бабаларымызды надан, қараңғы
етіп, жас ұрпақтың санасына құйып келгеніміз жасырын емес.
Баланың өсіп, ізгілікті азамат болып қалыптасуына көп жағдайда
мән бере бермейміз. Оқушы білім ордасынан бастап жеке тұлға
болып қалыптасады. Осы кездегі алған терең білім мен тәрбие
ғана оның кейінгі өміріне іргетас болып қаланады. Жас ұрпақтың
буынының бекіп саналы азамат болып өсуіне білім ұясының
көмегі орасан зор.
Тарихы тереңде жатқан әдебиетіміз бен мәдениетіміздің іргелі
бастаулары бұған дейін дұрыс оқытылмай келді. Еліміз көне
мәдени мұралардың ошағы болғанын оқушы санасына
қалыптастырып, мақтаныш сезімін оятуымыз керек. Иманды ұл
мен ибалы қыз тәрбиелеп, қайраткер азамат болып өсуіне жәрдем
жасау - біздің бағытымыз. Туған жердің, Отанның, елдің
тарихына жастайынан қастерлеп өсіру - басты мақсатымыз.
Сондықтан мектеп ашқанда мен ұлттық білім ордасы қандай болу
керек деген ойымды іске асырсам деп ойладым. Бұл өмір бойғы
арманым еді. Мұны бір жағынан ұлттық мектептің жаңа моделі
десе де болады.