– Егер сіздің мектепті жартылай мемлекеттік мектеп етіп құрса қалай болар еді? – Мен оған қуана келісер едім. Ондай жағдайда
мұғалімдердің айлығынан тыс құрылыс жабдықтары, оқу
құралдары, тағы басқа керек-жарақтарды сатып алуға мүмкіндік
кеңінен туады ғой. Сонсын бізден салықты да ұстай берсін...
Осы арада айта кетейін, мемлекеттік мектептерде оқитын бір
балаға бір жылда жұмсалатын шығынды баласын біздің мектепте
оқытқысы келген ата-ананың қолына берсе, олар оны бізге
аударса, балаларды сол қаржыға оқытар едік. Бірақ өкіметіміз
бұған көнбей отыр. Мұны Қаржы министрлігі шешуге тиіс екен.
Ал ондағыларға түсіндіру қиын.