Таланттар


–  Сіз  осы  идеяларыңыздың  өміршеңдігіне  сенесіз  бе?



Pdf көрінісі
бет204/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 –  Сіз  осы  идеяларыңыздың  өміршеңдігіне  сенесіз  бе? 
Небір  ізгі  мақсаттар  бүгінде  қаржы  тапшылығынан  жүзеге 
аспай, жолда қалып жатқаны рас... 
  – Өзіңе ғана айтайын, соңғы  екі жылдағы өмірімді тек осы 
идеяны  жүзеге  асыру  үшін  сарп  етіп  келемін.  Сенесің  бе, 
автобуста  келе  жатып,  тұрып  ұйықтайтын  кездерім  де  болады. 
Егер осы ізгі мақсат мені алға сүйремесе, баяғыда құлап қалар ма 
едім, кім білсін? Ең жақсысы, мені түсінетін жақын адамдарым 
бар,  достарым  бар.  Демеушілік  (спонсор)  деген  жай  сөз  екен. 
Танысың болмаса, ешкім де саған көмектеспейтініне көзім жетті. 
Кезінде  өзіміздің  есеп-шотымызды  ашып,  қолында  қаржысы 
барларды  түгелдей  құлақтандырғанбыз.  Бірақ  олардан  күні 
бүгінге  дейін  бір  тиын  да  түспеді.  «Жалын»  баспасының 
директоры  Бексұлтан  Нұржекеев,  «Рауан»  баспасының 
деректоры  Жарылқасын  Нұсқабаев  ағаларымыз  алғашқыда 
қаржылай көмектесті. Қазір де алдарына бара қалсам, өздерінде 
шыққан  қазақ  тарихы  мен  әдебиетіне,  мәдениетіне  байланысты 
кітаптарды  қолтығыма  қыстырып  жібереді.  Ол  кісілерге 
рахметтен басқа айтарым жоқ. 


357 
 
Мен  манадан  бері  тек  қиыншылықтарды  айтып  кеттім-ау 
деймін.  Бұған  қарап  біздің  жағдайымыз  өте  нашар  екен  деген 
пікір туып қалмасын. Енді бір бес жылдан кейін үкіметіміздің өзі 
бізді  іздеп  тауып,  оқу-білімді  дұрыс  жолға  қоюдың  бірден-бір 
жолы  осы  екен-ау  дейтініне  сенімдімін.  Сондықтан  бұл 
бағытымнан  ешқашан  да  таймаймын.  Бір  ескертерім,  менің 
мектебіме  келетін  мұғалімдер  үшін  совхоз  жер  беруге  әзір.  Үй 
салам  деушілерге  көмектерін  де  аямайды.  Ал  қаржысы  көп 
адамдар осы жерден үй сатып алып, балаларын сонда тұрғызып 
оқытуына болады. Егер өз баласымен қоса бір-екі бөлмесін басқа 
балаларға  жатақхана  ретінде  берем  десе,  ол  адамның  баласын 
тегін оқытамыз.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет