Мұратханқызы Райхан, Алматы қаласындағы №161 гимназия директорының орынбасары, Білім беру ісінің озық қызметкері: – Жаппай орта білім беру дәуірін бәріміз басымыздан
өткердік. Бір кезде нашар оқушыларды бір сыныпта екі жыл
отырғызуға немесе мектептен шығарып жіберуге болатын еді.
Мұның бәріне кейін тыйым салынды. Жоғары жақтан келетін
өктем нұсқаудан қорыққан мектеп аттестаттары шәкірттің бәріне
берілетін болды. Бұл шара 20-жылдардағы ликбезден
айырмашылығы шамалы ғана еді. Сол жылдары Үкімет
қателескен үстіне қателесе береді. Аттестаттағы пәндердің орта
бағасы оқуға түскен кезде қоса есептеу дегенді ойлап тапты. Бұл
жағдай білімнің емес, мұғалімнің «беделін» өсірді. Сол секілді
медальдар мен мақтау қағаздары да сан алуан «құйтырқыларды»
өмірге алып келді. Әйтеуір, сол дәуірдегі білім алған жастардан
Нобель сыйлығын алған ешкім болмады, ал басқаларының бәрі
қолдан жасалды. Міне, осындай салдардан құтылу үшін қазіргі
күннің талабына сай арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар
ашылды. Мұнда негізінен саралап оқыту алынып, әр баланың
дара ерекшелігі ескеріледі, өз қабілетіне қарай білім алу
мүмкіндігі туып отыр.