Таланттар



Pdf көрінісі
бет220/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

– Әңгімеңізге рақмет! 
(Әңгімелескен – Гүлбану Құлпейісова) 
 
 
НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН НЕГЕ ЕШКІМ АЛҒАН ЖОҚ? 
(Сұхбат) 
 
– Қазақстанның тәуелсіздік алғанына да, міне, бес жыл 
толып отыр. Өркениетке ұмтылып, ел болу,  мемлекет құру 


368 
 
да оңай емес. Бұл жолда ағарту майданы, оның ішінде мектеп 
салмақты орын алса, осы аз уақыт ішінде мектептің игерген 
табысы  қайсы,  жіберіп  алған  кемшілігі  неде,  ұстаздар 
қауымы  не  күйде  деген  мәселеде  бір  топ  мамандармен 
жүргізген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. 
Әбілақұлы 
Әбжаппар, 
қыздар 
педагогикалық 
институтының  профессоры,  филология  ғылымдарының 
докторы: 
–  Кеңес  дәуірлерінде  мұғалімдер  мен  дәрігерлерге  деген 
көзқарас  жұртшылық  тарапынан  жоғары  болды.  Мұндай  үрдіс, 
дағды  өткен  уақыттан  үзілмей  келген  еді  деп  есептеймін.  Бұл 
мамандық  иелері  халық  тарапынан  бағасын  алып  үлгерген-ді. 
Оның өзіндік себебі бар: олар адам тәрбиелейді, оқытады. Тіпті 
мұғалімдерді аупарткомнан жоғары қойған кездері де болды, мен 
соның куәсі болдым. 
Сөйте  тұра  мектептердегі  қазақ  тілін  оқыту  жайы  төмен 
болды. Қазақстанда орыс тілі бір саты жоғары тұрды да, ал қазақ 
тілі соның көлеңкесінде қалып қойды. Орыс мектептерінде қазақ 
тілі  сабақ  кестесінің  соңында  тұрды.  Кадр  дайындауда  бір 
жақтылыққа жол берілді. Аспирантураны бітірген адам ғылыми 
жұмысын орысша жазып, орысша қорғады. 
Дегенмен  бұрынғы  мектептер  де  проблемасыз  болды  деп 
ойламаймын.  Қазақ  тілінің  маңызын  көтеруде  базистік  жоспар 
болмады, оқулық  жазуда  белгілі ғалымдар ғана  қатыстырылды, 
олар қатып-семіп қалған ережелерді тықпалап, білім мен ұғымды 
күңгірттендірді.  Баса  көрсететін  ерекше  жағдай,  баламалы 
оқулық деген атымен болмады, бұдан келіп қасаңдық туды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет