Ќанипа Бітібаева


ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет126/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Оқушылардың  тілін  ұстартуға  арналған  жазбаша  жұмыстардың түрі  көп. Жазбаша 
жұмыстар  сауаттылық  үшін  де,  алған  білімдерін  тексеруде  де  қолайлы  болып  келеді. 
Жазбаша жұмыстар оқушыларды ойлау еңбегін дағдыландырады, қосымша материалдарды 


 
149 
пайдалану машықтарын жетілдіреді. Себебі, балалардың жазбаша жұмыстарды орындау 
кезінде асьқпай ойлауға, ойланып жазуға уақыты, мүмкіндігі көп болады, ауызекі сөйлеуде 
ондай жағдайлар бола бермейді. Ауызша сөйлегенге қарағанда балалар жазба жұмыстарында 
небір айшықты, шебер сөздерді пайдалана алады, тіл кестесінің бедерлі түсуі үшін ізденеді, 
жазғандарын  мұқият  окып,  қайта  түзеуге  мүмкіндік  алады.  Жалпы  жазба  жұмыстары  тіл 
дамытумен  қатар,  балаларды  ойлай  білуге,  ізденіске  жетелейді.  5-7-сыныптардағы 
жазба  жұмыстарының  ең  ауқымдысы  -  мазмұндама.  Мазмұндама  мынадай  бірнеше  түрге 
бөлінеді: 
а) 
Мәтінге жуык жазылатын мазмұндама. Мұнда оқиға эпизод, диалог, монолог, 
баяндау, суреттеу сиякты элементтер сақталынып жазылады. 
ә) Ең басты оқиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама. 
б) 
Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама. 
в) Шығармашылық бағыттағы мазмұндама. Оны жазған кезде оқушылар тек оқиғаны, 
болған  істі  ғана  көркем  мазмұндай  бермейді,  әңгімені  өз  жағынан  баяндайды, 
дәйектемелер  алады,  өз  пікірі,  сезіміне  ерік  бере  алады.  Мұғалім  нұсқауымен  кейбір 
сөздердің синонимін, баламасьш тауып жазады. Мысалы, жоғарыда  сөз  болып  кеткен  «Бай 
баласы  мен  жарлы  баласы»  әңгімесі  бойынша  егер  мұғалім  шығармашылық  бағыттағы 
мазмұндама  жаздырса,  мына  сөздердің  синонимін  тауып,  мазмұндамасына  пайдалану 
туралы ақыл-кеңес береді: «айғай салып (ойбай салып деуге болады), «бір мезгілде» (бір уақытта) 
деп, «онымен ісі болмай» (онымен жұмысы болмай), «сүрлеу» (жол) деп, т.с.с. 
Мазмұндаманың  түрлері  мұғалімнің  оқу-тәрбие  мақсатына  байланысты  өзгеріп 
отырады.  Егер  мұғалім  көркем  туындының  бас  кейіпкеріне  ерекше  назар  аударса,  онда 
«Үсен  Асанды  калай  еліне  жеткізеді?»  немесе  «Үсеннің  тапқырлығы»  деген 
тақырыптарда  кейіпкер  іс-әрекетін  баяндайтын  мінездемеге  жақын  түрін  жаздырады. 
Ал  оқушылар  әңгіме  мазмұнын  қалай  меңгергенін  білгісі  келсе,  мәтінге  жуық  оқиғаларды 
толық  қамтыған  мазмұндаманы  қалап  алады.  Тақырыптың  ең  негізгі  дәні,  түйінін 
жаздырғысы  келсе,  «Еңбек  бәрін  де  жеңбек»  деген  тақырыпты  алып,  сол  бойынша 
тұжырымды, қысқа мазмұндама жаздыру да аса тиімді. Себебі, бала ең негізгісін, ең керегін 
бөліп ала білуге дағдыланады, мұның өзі оқушы білімін тиянактайды, ойын ұғынықты етіп 
жазуға жетектейді. 
Шығармашылық  бағыттағы  мазмұндамаларды  8-9-сыныптарда  да  жүргізу  тиімді. 
Әсіресе,  шешендік  кақтығыстар,  Сырым,  Қазыбек  би,  жыраулар  мұраларына  байланысты 
мазмұндама  оқушыларды  шешендікке,  көркем  сөйлеуге  баулиды.  Осы  тақырыптарға 
жаздыратын мазмұндама күрделі болып келеді, себебі, олардан шешендік сөздердің дәнін 
сақтау,  сұлбасын  нақты  беру  талап  етіледі.  Бала  жұмысын  жеңілдету  мақсатында,  әрі 
шешендік  оралымдардың,  ұтымды,  тапқыр  сөздердің оқушы жадында жақсы  қалуы  үшін, 
мұғалім  үлестірме  көмектер  де  таратады.  Бүл  үлестірме  көмектерде  мазмұндамаға 
міндетті түрде пайдаланатын шешендік оралымдар, жекелеген образды сөздер беріледі 
(жазып  отырған  тақырыптарында  бар).  Мысалы,  Жиреншенің  қаңбақ  айтты  деген: 
«Сұраған сен ақымақ па, сұратқан хан ақымақ па?» сияқты сөздерінің құрылысын бұзбай, 
сол қалпында беруге үйрету - бала тілін дамытуда болсын, дүниетанымын танытуда болсын, 
аса тиімді. 
Жоспардың  бірнеше  түрі  бар.  Ал  бұл  түрлер  мұғалім  мақсатына  байланысты. 
Сюжеттік  жоспар  көркем  туындының  оқиғасына  құрылса,  бейнелік  жоспар  бас  кейіпкер 
іс-әрекетіне  құрылады.  Композициялық  жоспар  көркем  туындының  құрылысын 
басшылыққа  алады.  Сондай-ақ  көркем  туындының  идеялық  бағыты,  негізгі  проблемасы 
айналасында да жоспар құрылады. Бұл жоспардың күрделі түріне жатады. Төменде оған бірер 
мысал беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет