Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет122/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

Мақсаты: 
а) 
екі акынның бай тілін, суреткерлігін, халық тілінің негізінде поэтикалық тіл 
жасау шеберлігін талдау (теңеу,метафора, эпитеттерді жасауда). 
ә)  Көкше  көріністерін  суреттеуде  қай  акын  оқушы  талғамына  жақын,  -  соны 
анықтау. 
б) 
Сондай-ақ Көкше көріністері бейнеленген суреттер арқылы өздеріне шығарма, 
суреттеме (ауызша да, жазбаша  да орындатуға болады) жаздырту. 
в)  Суреттер  арқылы:  «Қай  ақын  Көкшені  шебер  суреттеген?»  деген  сұрақтар 
айналасында пікірталас ұйымдастыру. 
2. 
«Құлагер» поэмасындағы Құланның сипаты мен Абайдың «Аттың сынын» 
салыстыру. 
Мақсат: 
а) Жүйрік ат сыны, екі ақындағы үндестік және өзіндік ерекшеліктерді сараптау. 
ә) Поэтикалық тіл көркемдіктері, халықтың сөйлеу тілін поэтикалық тілге айналдыру 
шеберліктері. 
3. 
Көркем  тілдерін  дамытуда,  тіл  мәдениетін  қалыптастыруда  бейнелеу  өнері, 
музыка  сабақтарының  маңызы  ерекше. Әдебиетші  мұғалім осы пәндер мұғалімдерімен 
бірлесе отырып, жүйелі жұмыс жүргізу керек. Мысалы, Ана, 
СОҒЫС
,
 
табиғат, атамекен туралы 
бейнелеу өнерінің туындылары баршылық. 
Осы  тақырыптағы  әдеби  шығармаларды  өту  барысында  мұғалім  оларды  көрнекілік 
ретінде  пайдаланады.  Көрнекілік  ретінде  пайдалануда  да  маңызды  мақсат  жатады. 
Біріншіден,  беріліп  отырған  білімді  байыту,  танымын  арттыру.  Екіншіден,  көркем  тілін 
дамыту. Бейнелеу өнері мұғалімінің сурет бойынша әңгіме жүргізуі. Мысалы, күздің бейнесін 
суретші бояу арқылы беріп отырғанын, сұр қорғасын, күңгірт түстермен қатар, сап-сары, 
жасыл бояулардың да  суреттегі орнына тоқталады. Мұндай сабақты сабақ-гармония деп те 
атап жатады. Мәселе сабақтың типінде емес, ен  басты жұмыс - оқушылардың көркем тілін 
дамытуда. Осы мақсатта енді әдебиетші мұғалім күз суреті бойынша оқушыларға бірнеше 
тапсырма береді: 
а)  Сурет  бойынша  күз  көрінісіне  суреттеме  беру  (ауызша  да,  жазбаша  да  орындауға 
болады). 
Мына сөздерді пайдалану; алтындай жарқырап, сары нұрға бөленіп. 
ә) Сурет пен өлеңді салыстыру. 
1. 
Сурет бояуы мен өлеңдегі көркемдегіш, бейнелі сөздердің ұқсастығы бар 
ма? 


 
143 
2. 
Қайсысы күз суретін айнытпай берген? 
І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмаларын өткенде
музыка  пәні  мұғалімімен  бірлесе  отырып,  тіл  дамыту  жұмысын  жүргізу  тиімді. 
«Күйші» поэмасындағы аты аталып, сөзбен кестеленетін күйлерді күй табақтан тындап, әрі 
ақын суреттемесін оқып, мынадай жұмыстар жүргізуге болады: 
1. Осы күйден не ұқтың, кандай әсер алдың, сол туралы шағын пікір-толғау айт. 
2. Ілияс музыка тілін көркем сөзбен жеткізе білген бе? Ойыңды поэмадан үзінді ала 
отырып, дәлелде. 
3. Поэмадан күйді сипаттайтын образды, көркем сөздерді тауып, олардың күй тілін 
жеткізудегі орны, маңызы туралы қысқаша тұжырымда. 
Оқушылар  пікірін  тыңдаған  соң,  ән-күй  сабағының  мұғалімі  күй  туралы  сыр 
шертеді. Жоғарыдағы сұрақтардан кейін әдебиетші мұғалім екеуі ары қарай әңгімелейді. 
Тіл  дамыту  жұмыстарын  сондай-ақ  тарих,  биология,  т.б.  сабақтарымен  де 
байланыстыра жүргізуге болады. 
Мысалы,  9-сыныпта  Махамбет  Өтемісұлы  шығармашылығын  оқыту  кезеңдерінде 
тарих  мұғалімімен  бірлесе  сабақ-дуэт  өткізіп,  оқушылардың  көркем  тілін  жетілдіру 
айналасында төмендегідей жұмыстар атқарады.   Үлгі: 
Абай 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет