Байланысты: Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.
Сұрақтар мен тапсырмалар: а)
Қалай ойлайсындар, сенше жазушы өмірінін ең маңызды кезеңі
қай жылдар? Пікірінді дәлелде (не себепті маңызды деп есептейсің?)
ә) Қай жылдар ең өнімді, жемісті жылдар болған?
б)
Кестеге карай отырып, жазушы шығармашылығына елдегі тарихи-әлеуметтік
жағдайлардың калай әсер еткені туралы өз ойынды айт.
в)
Жазушының ең өнімді еңбегі, шығармалары қандай тарихи оқиғаларға,
қай жылдарға байланысты жазылған екен?
Міне, осындай сұрактар арқылы оқушылар кесте бойынша жұмыс істейді, өз
пікірлерін ортаға салады. Тіпті, бұл хронологиялық кесте арқылы жаңа сабақтан соң мұғалім
оқушы біліміне есеп те жүргізе алады. Ол үшін кестені арнайы беттерге жазып (сурет
сабағына арналған беттерге), әр баланың алдына таратады, үш-төрт минут ішінде балалар
мұғалімнің берген сұрақтарына байланысты тапсырмалар орындайды, яғни белгі соғып
отырады. Мысалы, жоғары-дағы сұрақтардың жауабы ретінде шығарманың тұсына, не
жылдардың тұсына белгі соғады. Бетті келесі жылдары да пайдалану үшін, белгі
қарындашпен қойылады немесе кішкене жалаушалар кадалады.
5. Ақын-жазушылардың өмірін оқыту барысында оның жеке басы, шығармаларына
балалар назарын аударып, қызыктыру, белсенділіктерін арттыру мақсатында ол туралы
пікірлер, тамаша ойлар, бағалар жазылған кесте-плакат әзірлеп, пайдаланудың тиімділігі
зор.
Үлгі: