Ќанипа Бітібаева


Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады



Pdf көрінісі
бет147/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, 
соның үлгісі ұсынылып отыр (5-сынып) 
(Үлгі-жоспар) 
 
Рет саны  
Тақырыбы  
Сабақтың типі  
1-сабақ қазан  
«Ерте,  ерте,  ерте  екен...»  Қазақ  ертегілері  бойынша 
әңгімелер  (қандай  ертегіні  таңдап  алады  -  оны 
мұғалім өзі біледі)  
Сахналык 
көріністегі сабақ  
2-сабақ 
қараша  
«Карлсон  бізде  қонақта».  Әдеби  ертегілер,  соның 
ішінде балалар арасыңда көп тараған шетел ертегілері 
бойынша.  Мысалы,  Г.Х.Андерсонның  ертегілері, 
А.С.Пушкин ертегілері. Ертегілерден көрме  
Композициялық 
сабақ-әңгіме сабағы  
3-сабак 
желтоксан  
«Әлди,  әлди,  ақ  бөпем...»  Бесік  жыры,  ана  жыры.  М. 
Жұмабаев  -  «Сал,  сал,  бөбек,  сал,  бөбек», М.Дулатов 
өлендері.  М.Шаханов  -  «Ана  жүрегі»  балладасы,  т.б. 
өлеңдерін  негізге  алу.  Мұхтар,  Мағжан,  Міржақып 
туралы  кіріспе  әңгіме.  Портреттер,  әр  жылдары 
түскен  суреттерін  пайдалану.  Бөбектер  туралы 
кітаптардан көрме  
Концерт-сабақ  
4-сабақ  
«Туған  жер  -  алтын  бесік».  Отан,  туған  жер  туралы 
өлеңдер 
бойынша 
өткізіледі. 
Мұғалім 
қалауы, 
мүмкіндігіне  карай,  автордың  өлеңдері  іріктеліп 
алынады. 
Мысалы, 
С.Мәуленов, 
Ә.Тәжібаев, 
Қ.Мырзалиев, 
Қ.Аманжолов, 
Ғ.Қайырбеков, 
М.Мақатаев.  Акын  портреттері-нен  суреттікмонтаж. 
Кітап көрмесі  
Жарыс сабағы  
1.  Мәнерлеп  жатқа 
оқу.  
2.  Кім  көп  өлең, 
мақал-мәтел  біледі? 
Ерлік сабағы  
5-сабақ  
«Шешендік  сөздер,  көсемдік  сөздер».  Сырым  Датұлы, 
Қаз  дауысты  Қазыбек,  Әз  Жәнібек.т.б.  Шешендік 
сөздері бойынша: а) Мұғалім түсінігі. ә) Мәнерлеп оку. 
б) Рөлге бөліп оқу  
Инсцениров-калы 
сабақ  (жатқа  оқу, 
мәнерлеп оқу, рөлге 
бөліп оқу)  


 
166 
6-сабақ 
«Батыр  балалар»,  В.Гюго  -  «Гаврош»,  Қ.Қайсенов  - 
«Жау  тылындағы  бала».  Авторлар  туралы  түсінік. 
Кітаптар  бойынша  мұғалім  әңгімесі.  Окушылар 
хабарламасы,  пікірлері.  Соғыс  туралы  әндер  тыңдау 
(«Қасиетті  соғыс»,  «Марсельеза»  Э.Потье).  Кітап 
көрмесі.  Балаларға  арналған  соғыс  туралы  кітаптар 
әңгімелер (мұғалім калауы бойынша)  
Ерлік сабағы  
7-сабақ  
«Қиял-ғажайыптар 
елінде». 
Фантастикалық 
шығармалар негізінде өту. Жюль Верн шығармалары 
«Сиқырлы  арал»,      Д.Дефоның  «Робинзон  Крузосы» 
бойынша.  «Гулливердің  саяхатынан»  да  бір-екі 
саяхатын алуға болады. Безендірме суреттерден көрме  
Саяхат сабағы  
8-сабақ  
«Ана  тілің  -  арың  бұл».  С.Торайғыров,  Ә.Тәжібаев, 
Р.Ғамзатов  
Викториналы 
әдеби-монтаж 
сабағы  
 8-9-сыныптардағы  сабақтан  тыс  оқулар.  Оқу  бағдарламасында  бұл  сыныптарда 
төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, 
жандандырып  отыру  керек.  Мұнда  да  сабақты  өтіліп  жатқан  шығармалармен 
байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу 
басшылыққа  алынады.  Семинар  сабақтары,  пікірталас  сабақтар,  реферат  қорғау 
сабақтары  сияқты  сабақтың  маңызды  формалары  негізге  алынуы  керек.  Сондай-ақ  бұл 
жоғары  сыныптарда  шетел  әдебиетінің  озық  үлгілерін  оқыту,  оқушылардың  дүние-
танымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол. 
Көркем  шығармаларды  оқыту  ғана  емес,  әдеби  әдістер,  дәстүр  мен  жанашылдық, 
жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл 
бөлінеді.  Кабинетте,  кітапханада  жоғары  сыныптар  үшін  «Әлем  әдебиетінің  асылдары», 
«Адамзаттың  Айтматовы»,  «М.Әуезов  әлемді  аралап  кетті»  сияқты  кітап  көрмелерін 
(көшпелі)  жасап  қоюға  болады.  Сондай-ақ  осы  кітап  көрмесінің  әр  тақырыбына  сабақ 
өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру 
тиімді.  Мысалы,  «Адамзаттың  Айтматовы»  тақырыбын  (бір  сабақ  емес,  бірнеше  сабақ 
болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.  
 
Мынадай сұрақтар талқылауға ұсынылады: 
1. Айтматов... «Адамзаттың Айтматовы»  - осы бір атаудың мәні. Неге 
қырғыз Айтматов адамзаттың Айтматовына айналды, көтерілді? 
2. «Бетпе-бет» повесі. Повестің осылай аталу себебі? Көтерілген адамзаттық 
проблемалар. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде? 
3. Әлемді дүр сілкіндірген «Жәмила». Жәмиланың әлемді таңқалдыру сыры неде? 
4. «Ақ кеме». Жазушы көрегендігі, абыздығы неде?Повесть неге осылай 
аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген? 
5. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу. 
6. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім,гуманизм мәселелері. 
7. «Жан пида» романы. Романның осылай аталу себебі?Қалай ойлайсыңдар, 
Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, көрегендік жасайды. Дала 


 
167 
қасқыры. Адам қасқыры. Роман көтерген адамзаттың көкейкесті проблемалар. 

8. Айтматов әлемінін адамзат әдебиетіндегі орны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет