160
Мұқағали поэзиясын талдау барысында осы көрнекілікті нәтижелі пайдалануға
болады. Ең алдымен, ақын туралы пікір, бағаларды оқып беріп, әр пікірдің негізіндегі
шындыққа тоқталып, оны дәлелдеуге еңбектендіру керек. Мысалы, окушыларға
Т.Молдағалиевтың өлең жолдарынанан алынгған (Мұқағалиға арналған) өлең үзіндісі
бойынша сұрақ қойып, іздендіріп, өз пікірлерін, ойларын ортаға салғызуға болады. Әсіресе,
бұл жұмысты ақын шығармашылығы туралы түсінік, талдау берілгеннен кейін жүргізген
дұрыс. «Балалар, Мұқағали туралы Тұманбай ағаларыңның пікірі, бағасы туралы не айтар
едіңдер? Оның жырлары, шынында, «Гималай төбесінде ойнаған найзағайдай ма?» Немен
дәлелдер едің? Немесе Әбділдә ақын: «Бізде енді Мұқағали поэзия-сының дәуірі басталды»,
- дейді. «Осы пікірге қосыласың ба? Қалай ойлайсың, сонда Мұқағалиға дейін қазақта поэзия
болмаған ба?» дейтін проблемалық сүхбаттағы сұрақтар оқушыны еріксіз ойландырады,
пікірталасқа жетелейді. Бұдан шығатын қорытынды: жасалатын осындай жалпы
графикалық көрнекіліктер мазмұн, тақырыпты ашуға көмек жасайтындай, оқушыларды
ойлы, маңызды еңбекке жұмылдыра алатындай, әрі терең біліммен қаруландыратындай
дәрежеде жасалынуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: