Байланысты: Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.
САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТА ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІМЕН ТАНЫСТЫРУ Оқушылардың дүниетанымы, білімін терендету, дамытуда тек туған әдебиетін оқыту,
білгізу ғана емес, шетел әдебиетінен де сусындату, оның жалпы адамзаттың асыл
мұраттарын игертудің маңызы ерекше. Сол себептен де сыныптан тыс оқуларда,
жұмыстарда әлем әдебиетінің үздік туындылары туралы жиі-жиі сөз қозғау жөн. Әсіресе,
мұндай жұмыстар суреткердің мерей тойларына орай ұйымдастырылады. Әлем тойлап,
атап өтіп жатқан мұндай келелі істерге оқушыларды да ат салыстырып отыру керек.
Мұғалімге тіпті мұндай күндерді тоспай-ақ, жүйелі түрде 5-сыныптан бастап, Шыңғыс
Айтматов, Мұса Жәлел, Мұстай Кәрім, Расул Ғамзатов, батыс әдебиетінен Джек Лондон, Ги де
Мопассан, Оноре де Бальзак, т.б. шығармашылығы айналасында қызықты сабақтар
өткізуіне болады. Әсіресе,5-8 сыныптарда атақты «Робинзон Крузо». «Гуливердің саяхаты»,
Пушкиннің ертегілері, Андерсонның ертегілері туралы сыныптан тыс оқулар өткізуге
болады