26
ерекше назар аударуы керек). Төменгі сыныптарда «Әдеби қонақжайда» атты пікірлесу
өткізуге болады. «Қонаққа» оқылған шығарманың бас кейіпкерлері келеді. Қонақжай
күтушілерімен олардың әңгімесі сол оқылған шығарма айналасында өтеді. Қонақтар кім,
қай кейіпкер екенін үй ішіндегілер бірден білмейді, кейіпкерлер өздерін көркем
шығармадан үзінді келтіре отырып, таныстырады. Яғни кейіпкер сөзінен, не іс-
әрекетінен мысал келтіреді. «Үй иелері»: «О, мырзам, Сіз, қателеспесем, Хамит
екенсіз ғой,
Сәкен ағаның «Бандыны қуған Хамитындағы», иә, есімде. Сізді мен орманда бандымен
жанталас күрес үстінде көрген едім» дегендей сөздермен қарсы алуы керек. Әрине, кейіпкерді
таныса, таба білсе. Танысу осылай жүрген соң, ары қарай шай ұсыну да шығармадағы оқиға,
сөздерге кұрылады. Енді «үй иелері» сұрақ қояды: мысалы,
Хамит аға, сол жылдары бандыға
қалай тап болдыңыз? немесе, өзіңізбен алысқан банды туралы не айтасыз? дегендей.
Бұл тәсіл төменгі сыныпта тиімді болмақ. Үнемі бақылау, тексеру әсіресе төменгі сынып
оқушыларын, сөз жоқ, қажытады, сондықтан ойын элементін пайдалану әрі қызықты,
әрі жемісті болып келеді. Бала шаршамайды, ынтамен қатысады. Мұғалім алдын ала
туындыны оқуға ұсынған кезде балаларға ескерту жасаса (яғни оқып болған соң, «әдеби
қонақжай» өткіземіз деп), сөз жоқ, балалар туындыны түгел оқуға тырысады. «Әдеби
қонақжайды» бір шығарма емес, бірнеше шығармаға негіздеп өткізуге де болады (әсіресе,
сыныптан тыс оқу сабағында). Көркем туындыны оқуды ұйымдастыру әрі бақылау
жасауда баланы жалықтырмау, қажытпау керек. Ол үшін мұғалім қызықты,
тиімді жолдар
ізденгені дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: