Ќанипа Бітібаева


ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ – ҒЫЛЫМ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮДЕРІС



Pdf көрінісі
бет4/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ – ҒЫЛЫМ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮДЕРІС 
 
Оқыту әдістері 
 


 

Оқыту  барысының  нәтижелі,  жемісті  болуы  мұғалім  әдістемесіне,  шеберлігіне  де 
байланысты.  Әдіс-тәсілдер  деген  не?  Оқыту  процесінде  мынандай  екі  түрлі  қызмет  жүзеге 
асады.  Бірінші  мәселе  –  мұғалім  оқытуы,  екінші  мәселе  –  оқушының  оқуы.  Мұғалім  мен 
оқушының  осы  арақатынасы  әр  түрлі  оқу  қызметтері,  оқыту  әдістеріне  жатады.  Мысалы, 
мұғалімнің әңгімелесуі ‒ әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері – кітаппен 
жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-
тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді.  
Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс 
тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, 
көркем  мәтінді  талдау  оқушының  тәжірибелік  жұмысын  бақылаудың  бір  тәсілі,  жолы. 
Әдебиетті  оқытуда  сөздік  әдіс,  көрнекілік  әдіс,  тәжірибелік  әдіс,  түсіндірмелі-
иллюстриативтік  әдіс  немесе  репродуктивтік  әдіс,  эвристикалық  әдіс  (ішінара  іздендіруші) 
әдіс, зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. 
Академик Ю.Н.Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оңтайландыру» деген еңбегінде 
(1982 ж., «Просвещение», 177-бет) әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.  
1) 
Оқушылардың  оқу-таным  қызметін  ұйымдастыру  әдістері  (методы 
организации учебно-позновательной деятельности). 
2) 
Оқушылардың  оқу-таным  қызметін  көтермелеу  әдістері  (методы 
стимулирования учебно-позновательной деятельности). 
3) 
Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за 
эффективностью учебно-позновательной деятельности). 
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік 
(әңгіме, дәріс, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндеу), практикалық 
(поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар) әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивтік 
әдіс, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей
әр  топтағы  әдістемелердің  өз  мүмкіндігі,  ерекшелігі  болады.  Төмендегі  кесте  арқылы  кей 
әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет