7
дайындайды деген ұғым тумауы керек). Бұл – үлкен, қасиетті міндет. Мәдениетті, білімді
адамның қай-қайсысы болмасын, оқырман. Атақты физик, математик, геолог, медик, тіпті
ғарышкер болмасын, барлығы да оқырман. Оған дәлел – олардың ғылым төріне, биігіне шыға
білуі, яғни оқу арқылы, кітап арқылы оқырман бола білуі. Осындай ұлы адамдар естелігін оқып
отырғандағы көз жететін бір нәрсе – олардың көпшілігінің білім, ғылымға аяқ басуына әдеби
кітап, соған деген ынта әсер еткен. Бұл жерде оқырман деген ұғымды кең көлемде түсінген
жөн. Әдеби шығармаларды оқушыларды, әдебиетшілерді ғана «оқырман» деудің аясы тар.
Бірақ сол «оқырмандықтың» алғашқы баспалдағы мектептен, әдебиет сабағынан
басталатындығы түсінікті.
Әдебиет пәні ‒ өнер пәні, адамтану пәні дедік. Сонымен қатар әдебиет пәні – жан-жақты
ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиеттің басқа пәннен айырмашылығы –
онда дәлелденген ешқандай заң жүйесінің, формаларының, элементтердің, бұлжымас,
айнымас, ережелерінің жоқтығы. Орыс әдебиетінде бір ғана Пушкиннің «Евгений Онегиніне»
қаншама сын-зерттеулер, монографиялар жазылды. Әр зерттеуші оны әр қырынан
қарастырады, өзіндік пікір айтады, себебі зерттеуші ғылыми еңбек жазып отырса да, онда сөз
жоқ, өзінің оқырман ретіндегі қабылдауына, сезіміне де орын береді. Қазақ әдебиетіндегі Абай
шығармашылығына байланысты Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қажым
Жұмалиевтер еңбектерін былай қойғанда, бүгінгі әдебиетшілер де зерттеулер жазуда. Бұдан
шығатын қорытынды әдебиеттің өзіндік ерекшелігінде жатыр. Ол ‒ өнер туындысы. Ол –
ұлттық рухани қазына, ол ‒ әлемдік әдебиет пен мәдениеттің бір бөлшегі. Әдебиетті
құзырлылық тұрғысында оқыта отырып, жан-жақты дамыған құзырлы тұлға
қалыптастырудың бірден-бір жолы.
Ой, ойлану, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл
жердегі ерекше бір еске алатын мәселе ‒ өзіндік ойлау, өзіндік пікірде жатыр. Әдебиетті
оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін
қайталауды, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем
туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді
оқытудан өзгешелегі де, күрделілігі де ‒ осында. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, әсер,
шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әртүрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше
көрінеді.
Әдебиет – жан-дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш
уақытта
да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі – адамды өз ырқына жетелеп алатын
қасиетті дүние.
Оны оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: