10
белсенділігін арттырады. Дегенмен оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде
ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік
идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін немесе өзі білетін
барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің
тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы
оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке-даралық,
жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы
жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші
жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре
пайдаланған дұрыс болады.
Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу
әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қандай
әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал кейде практикалық,
танымдық-іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-
тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың
маңызды бір саласы. Мұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды әрі пәнге деген
қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала
отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім
беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі
болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне
байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе
немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық
әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған
әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелілігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: