Ќанипа Бітібаева


ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет83/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
 а) Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі: 
Әдебиеттің  баска  жанрына  қарағанда  драмалық  шығармаларды  оқытудың 
өзіндік  ерекшелігі  бар.  Ол  ерекшелік  драмалық  туындылардың  жанрлық  табиғатына 
тікелей байланысты. «Пьеса-драма, комедия - әдебиеттің ең қиын формасы», - дейді М.Горький. 
Себебі, әдебиеттің проза; лирика  жанрларында  айтатын  ой,  кейіпкерлер  іс-әрекеті,  көрініс, 
сахна  бірінші  кезекте  болады.  Орыс  жазушысы  Гоголь:  «Пьеса  тек  сахнада  ғана  өмір 
сүреді» деуі осыған дәлел. Авторлық ой, мақсат, көзқарас бұл шығармаларда көмескі. Ол әр 
кейіпкер сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман, көрерменнен ерекше ықылас қойып, 
мұқият  тыңдауды,  көруді,  ойлауды  талап  етеді.  Драмалык  шығармаларда оқиғалар 
оқырман көз алдында жаңа етіп  жатқандай әсер калдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, 
өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар -драманың өзегі, негізгі арнасы. 
Әсіресе, драмалық кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі бұл жанрдың өзіндік табиғатын дәл 
даралап  береді.  Орыс  сыншысы  Белинский  драма  кейіпкерін:  «Өзіне  ғана  тән  ерекшелік 
сипаты бар жеке адам» десе, ұлы Дидроның: «Драмада адам өмірін-егі ең маңызды, өнегелі 
дейтін, жұртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуі керек», - деуі осыдан туса керек. 
Драмада каһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, 
іс-әрекет қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, каһармандар іс-әрекеті 
әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп, дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет