105
IV акт
V сурет
Еңлік-Кебектің қайғылы қазасы.
Жапал мен Абыз және нәресте.
Трагедияның жазылу тарихы, ол туралы пікірлер, бағаларға тоқтала отырып,
жалпы драматургия жанры, соның ішінде трагедия табиғаты туралы бұрынғы білімдерін
толықтырдық.
- Енді трагедияның ең езекті мәселесі - феодалдық тағылық пен адал, таза махаббат
арасындағы тартыс екеніне тоқталдық. Трагедияда ең алдымен екі жастың сүттей ақ
махаббаты көрінуін, оның ары қарай өрістеуін әңгіме еттік. Адамгершілік,
адамның жеке бас
бостандығы, ел бірлігі, әйел теңсіздігі, ана мен бала құқықсыздығы, феодалдық қоғам
бейнесінің трагедияда реалистік жолмен көркем де шынайы көрсетілетініне тоқталдық.
Трагедиядағы кейіпкерлер,соның ішінде, Еңлік, Кебек, халық өкілі - Абыз, халық ұлы -
Жапал бейнелерін талдай отырып, трагедияның жай баяндау, диалогтер емес, талас-
тартыс, шиеленіске құрылғанына оқушылар назарын аудардық. Осы мәселелерді
түсіндіру барысында:
II
актідегі Еңліктің ел-жерімен қоштасуы.
III
актідегі билер
тартысын, Есен мен Кебек арасындағы (IV акт) диалогтерде
үзіндіні рөлге бөліп, мәнерлеп оқыттық (үйірме мүшелерінің кемегімен). IV актідегі Кебектің:
«Ей,
сотқар би...», деп басталатын сөзі мен Еңліктің Кебекпен қоштасар
жеріне дейінгі
көріністен оқушылар инсценировкасын көрдік. Жапал мен Абыздың диалогін (IV актінің соңы)
күйтабақтан тыңдадық.
- Трагедияның поэтикалық тіл көркемдігін, автордың идеялық-эстетикалық шешімін
талқылау барысында III актідегі билер тартысынан үзінді тыңдадық. (күйтабақтан). Алдын
ала таратылып берілген үлестірме тапсырмаларды пайдаландыра отырып (шешендік
сөздер, өткір, толгау мәніндегі тақпақтар айтылатын сөз тіркестері, мақал-мөтел-дер, нақыл
сөздер жазылган), жазушының трагедиядағы көркем тіліне, халықтың ең бай тілінің
кеңінен және өте орынды пайдаланғанына талдау жүргіздік.
Достарыңызбен бөлісу: