Байланысты: Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.
Оқушы Д.: 1. «Драматургия жанрының бас қазығы, театр тарихының түңғышы - «Еңлік -
Кебекті» көрмеген, сұм заманның құрбандығы болған қыршын жастарға жаны
ашымаған, туған жерге, елге, ана тілге деген сүйіспеншілігі артпаған
бұл күнде бірде-бір адам жоқ десек, артық айтылғандық болмайды. Өскелең өмірімізбен,
гүлденген мәдениетімізбен бірге, өзгере, өңделе отыра, өмір сүрген «Еңлік - Кебек»
пьесасы - қалың бұқараның сүйіктісі болған нағыз ұлттық
туынды».
2. «Ол ғажап аудармашы еді. Шекспирдің Мұқаң аудар-
ған «Отеллосы» мен «Асауға тұсауын», Гогольдің «Ревизо-
ры», Треневтің « Любовь Яроваясын» қай қазақ көріп, қызығып,
әсер, тамаша ләззат алмады?!».
М.Қаратаев. «Көркем сөздің асқан шебері». («Қазақ әдебиеті», 1961 ж. 30
маусым).