Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Интернет(интранет)-технологиялар



Pdf көрінісі
бет24/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

1.3.4. 
Интернет(интранет)-технологиялар 
 
Интернет  (Internet,  Interconnected  Networks)  —IP  (Internet 
Protocol)  хаттамасын  пайдалануға  және  деректер  топтамасын 
бағдарлауға  құрылған,  біріктірілген  компьютерлік  желілердің 
ғаламдық  жүйесі.  Интернет  бірыңғай  (ғаламдық)  ақпараттық 
ортаны құрады.  
Интранеттің  Интернет  желісінен  айырмасы  – ол ұйымның ішкі 
жекеше  желісі.  Әдетте,  Интранет  –  осы  ұйымның  ішінде  ақпараттың 
кейбір  бөлігімен  алмасу  және  бірлесіп  пайдалану  үшін ІР хаттамасын 
пайдалануға  құрылған  кішкене  көлемді  Интернет.  Ақпараттық  базаға 
қызметкерлер 
туралы  мәліметтер,  әріптестер  мен  тапсырыс 
берушілердің  телефондары  тізімі,  түрлі  корпоративтік  ақпарат 
кіргізілуі  мүмкін.  
Көбінесе,  бұл  терминнің  астарында  Интранеттің  көзге  көрінетін 
бөлігін  –  НТТР  және  НТТРS  негізгі  хаттамаларына  негізделген  және 
тұтынушы-сервер  қағидаты  бойынша  ұйымдастырылған  ұйымның 
ішкі  Web-сайтың  ескертеді,  интернет-сайт  браузер  (Mozilla  Firefox, 
Microsoft  Internet  Explorer,  Opera  және  б.)  арқылы  кез  келген 
компьютерден  қолжетімді.  Осылайша,  Интранетті  жекелей  алынған 
ұйымның  виртуалды  кеңістігімен  шектелген  жекеше  Интернет  деуге 
болады.  
Интранетті  пайдаланудың  артықшылығы  ақиқат:   
— 
 қандай  да  бір  ортақ  жобалармен  бірлескен  жұмыс  кезінде 
жоғары өнімділік;   
— 
 қызметкерлердің  деректерге  оңай  қолжетімділігі;   
— 
 өзара  әрекет  етудің  икемді  деңгейі:  өзара  әрекет  ету  бизнес -
схемаларын тігінен,  көлденең өзгертуге болады;  
— 
 өзекті 
ақпаратты 
сол 
мезетте 
жариялау 
(қызметтік 
нұсқаулықтар, стандарттар,  жаңалықтарды  жіберу қызметі және т.б.);  
— 
 пайдаланушылардың  компьютерлерінде  тұтыну-бағдарламаны 
орнату  қажет  емес  (оның  орнына  браузер қолданылады), сәйкесінше, 
корпоративтік  ақпараттық  жүйенің  функционалдылығын  өзгерту 
кезінде тұтынушылық  қосымшаны жаңарту да талап етілмейді;   
— 
 ыңғайлы 
Web-интерфейсті 
қолдану  есебінен  ақпаратпен 
жылдам алмасу.   
Өкінішке  орай,  Интранеттің  бірқатар  кемшілігі  бар.  Атап 
айтқанда,  желіні  хакерлер  бұзып,  пайдалануы  мүмкін,  сонымен  бірге 
еркін  интерактивті  кеңістікте  заңсыз  материалдар  таралуы  мүмкін. 
Корпоративтік  деректерге  оңай  қолжетімділік  олардың  жосықсыз 
қызметкерлер  арқылы  бәсекелестерге  жылыстауына  ұрындыруы 
мүмкін.  Бұдан  басқа,  Интранеттің  жұмысқа  қабілеттілігі  мен 
икемділігі  әзірлеу  мен  әкімшілендіруге  елеулі  үстеме  шығындарды 
талап  етеді.   


36 
 
 
 
 
 
 
1.9  сур. Интернет(интранет)-те хно логиялардың  клиент-сервер 
құрылымымен бірігуі 
 
Деректер  базаларымен  тиімді  жұмыс  істейтін,  пайдалану  мен 
сүйемелдеуде  ыңғайлы  және  қарапайым  ақпараттық  жүйелерді 
құру  үшін  интернет  (интранет)-технологияларды  көп  деңгейлі 
құрылыммен  біріктіреді.  Бұл  ретте  ақпараттық  қосымшаның 
құрылымы мына түрде болады (1.9 сур.).  
Интернет 
(интранет)-технологиялардың 
тұтыну-сервер 
құрылымымен  бірігуінің  арқасында,  корпоративтік  ақпараттық 
желіні  енгізу  және  басқару  процесі  ақпаратты  бірлесіп 
пайдаланудың  жоғары  тиімділігі  мен  қарапайымдылығын 
сақтаумен  айтарлықтай  жеңілдетіледі.  Кез  келген  бірігу 
ақпараттық  кеңістікке  қолжетімділік  үшін  нақты  шектеулерді 
алдын ала анықтайды. Егер ғаламдық желілерде мұндай шектеулер 
іс  жүзінде  жоқ  болса,  корпоративтік  желілерде  олар  бар  болып, 
корпоративтік  пайдаланушылардың  немесе әріптестік бірлестіктер 
қатысушыларының мүдделерімен келісіледі.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет