Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Деректерді жинауды, орналастыруды, сақтауды



Pdf көрінісі
бет26/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

1.4.2. 
Деректерді жинауды, орналастыруды, сақтауды, 
жинақтауды, түрлендіруді және ақпараттық жүйеге 
табыстауды ұйымдастыру 
Ақпаратты  жинау  және  тіркеу  әртүрлі  экономикалық 
объектілерде  әртүрлі  өтеді.  Бұл  ретте  бастапқы  ақпараттың 
растығына,  толықтығы  мен  уақытылығына  ерекше  мән  беріледі. 
Кәсіпорында  ақпаратты  жинау  мен  тіркеу  әртүрлі  шаруашылық 
операцияларды  орындау  кезінде (дайын өнімді қабылдау, тауарды 
жіберу, материалдарды қабылдау және тиеу және т.с.с.), банктерде 
–  заңды  және  жеке  тұлғалармен  қаржы-кредиттік операцияларды 
орындау 
кезінде 
жүргізіледі. 
Есептік 
деректер 
жұмыс 
орындарында  өнделген  бөлшектердің,  жинақталудан  өткен  дайын 
бұйымдардың  санын  есептеу,  ақаулы  өнімді  айқындау  кезінде 
және т.с.с. пайда болуы мүмкін. Ақпаратты сақтау және жинақтау 
оны  бірнеше  рет  пайдалану  қажеттілігіне,  ақпараттың  шартты-
тұрақты, анықтамалық және басқа түрлерін пайдалануға, бастапқы 
деректерді  оларды  өндегенге  дейін  жинақтау  қажеттілігіне 
байланысты.  Ақпаратты  сақтау  және  жинақтау  ақпараттық 
базаларда белгілі бір түрде құрылымдалған ақпараттық ауқымдар 
түрінде машиналық тасығыштарда жүзеге асырылады.  
Бүгінгі  таңда  ондаған  терабайтта  сақталатын  ақпараттың 
көлемі  шындыққа  айналды.    Мұндай  көлемдегі  ақпараттық 
ресурстар  кейбір  ірі  корпорациялардың  деректер  қоймаларында 
жинақталған 
(мысалы, 
Жер 
бетінің 
спутниктік 
сандық 
фототүсірілімі  нәтижелерін  сақтау  және  өндеу  жүйелері  терабайт 
көлемдегі деректерді пайдаланады).  
Сақтау  және  жинақтаумен  деректерді  іздеу,  яғни    сақталатын 
ақпараттан  керекті  деректерді  іріктеу,  соның  ішінде  түзетуге 
немесе  ауыстыруға  жататын  ақпаратты  іздеумен  тікелей 
байланысты.  Ақпаратты  іздеу  рәсімі  пайдаланушының  сұрауы 
негізінде  автоматты түрде жүзеге асырылады.  
Ақпаратты 
өндеу 
ДЭЕМ 
жекелей, 
мамандардың 
автоматтандырылған  жұмыс  орындары  ұйымдастырылатын 
бастапқы ақпараттың пайда болу орындарында, сондай-ақ есептеу 
орталықтарында  жүргізіледі.    Ақпаратты  өндеу  барысында 
экраннан  қарауға  немесе  баспа  құрылғысына  шығаруға  болатын 
шығыс есептер құрастырылады.  
Технологиялық  процестерді  жобалауда  оларды  іске  асыру 
режимдеріне  бағдарланады.  Технологияны  іске  асыру  режимі 
шешілетін  міндеттердің  көлемдік-шақтық  ерекшеліктеріне  және 
техникалық  құралдардың  режимдік  мүмкіндіктеріне  байланысты. 
Деректерді өндеудің  кейбір режимдерін қарастырайық.  
Топтамалық  режимде  есептеу  процесін  ұйымдастыру 


40 
 
пайдаланушының  ЭЕМ  қолжетімділігінсіз  құрылады.  Ақпаратты 
жинау  мен  тіркеу,  енгізу  мен  өндеу  уақыты  бойынша  сәйкес 
келмейді.  Басында  пайдаланушы  ақпаратты  жинайды,  оны 
міндеттердің  (шешім  нәтижелерінің  әрекет  етуі  ұзақ  мерзімді 
оперативтік  емес  сипаттағы  міндеттер)  қандай  да  бір  белгілері 
немесе  түрлеріне  сәйкес  топтамаға  құрастырады.  Қабылдауды 
аяқтағаннан  кейін  ЭЕМ  ақпаратты  енгізу  және  өндеу  жүргізіледі. 
Бұл    режим  әдетте  ақпаратты  өндеудің  орталықтандырылған 
тәсілінде пайдаланылады.  
Интерактивті  режим  пайдаланушының  ақпараттық-есептеу 
жүйесімен тікелей өзара әрекет етуін көздейді,  ЭЕМ сұрау (әдетте, 
регламент белгіленген) немесе диалог сипатында болады.  
Диалогтық  режим  тапсырманы  беру,  жауапты  алу  және 
талдаудың  қайталанатын  циклын  жүзеге  асыра  отырып, 
пайдаланушыға  оған  рұқсат  етілген  жұмыс  қарқынында  есептеу 
жүйесімен тікелей өзара әрекет ету мүмкіндігін ашады. Бұл ретте 
ЭЕМ  ізделіп  отырған  нәтижені  алу  үшін  пайдаланушыға 
қадамдардың  реттілігін  (мәзірді  ұсынып)  хабарлай  отырып, 
диалогқа өзі бастамашы болуы мүмкін.  
Сұрау  салу  режимі  деп  жүйеге  бір  рет  жүгінуді түсінеді, одан 
кейін  ол  жауап  беріп  сөнеді,  ал  диалогтық  режимде  жүйе  жауап 
беріп,  пайдаланушының  одан арғы әрекеттерін күтеді.  
Деректерді 
өндеу 
орталықтандырылған, 
орталықтандырылмаған және үлестірілген болуы мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет