Көшбасшылық, команда құру және мектептің желілік қоғамдастық
командаларында негізгі рөлдерді бөлу
Желілік қоғамдастықтарда көшбасшылықты іске асыру мектеп директорының тиісті
ұстанымын ғана емес, сонымен қатар мектептің басқа өкілдерінің көшбасшылығы үшін
жағдай жасауды және оларда серіктестік орнатудың маңыздылығы туралы түсінік
қалыптастыруды қамтиды. Зерттеу нәтижелері мектептің желілік қоғамдастығы
жағдайында табысты серіктестіктің көптеген негізгі факторлары бар екенін көрсетеді.
Табысты серіктестіктің негізгі факторлары:
• серіктестік «ойы бір жерден шығу» бірлігін білдіреді;
• жетістікке жеткізетін серіктестік мектеп директорларының толық қолдауымен және
қатысуымен болуы мүмкін;
• серіктестіктің іске асырылуын тұрақты бақылайтын жетекші субъектінің болуы
қажет;
• барлық қатысушылар серіктестіктің орындылығына сенімді болуы және жоспарлау
процестеріне қатысуы керек;
• бастапқы кезеңде серіктестік параметрлерін анықтау және қызметтің барлық
түрлерін тиімді жоспарлау қажет;
• серіктестік қағидаттары оның барлық қатысушыларына түсінікті болуы керек;
• жалпы құндылықтар белгілі бір мектептің алдыңғы тәжірибесінен гөрі маңызды;
• егер өзара тиімді болса, серіктестік анағұрлым сәтті болады;
• серіктестік өзінің дамуы барысында мектеп мәдениетіндегі өзгерістерге әкелуі
мүмкін, бұл туралы барлық әріптестер жақсы хабардар болуы тиіс;
• қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және өзара тиімді нәтижелерге алуға кепілдік
беру үшін тұрақты бақылау қажет;
• муниципалды билік тарапынан мектептердің желілік қоғамдастығына қолдау
көрсету және назар аудару өте пайдалы.
Өзара тиімді, достық қарым-қатынас орнату және кәсіби оқыту мен дамыту
көшбасшылықтың негізгі міндеттері болып табылады. Көшбасшылық тек жоғары
лауазымдармен шектелмей, барлық деңгейлерде дами алады және болашақ
көшбасшыларды мектептің желілік қоғамдастығының қызметіне тарту арқылы
дайындауға болады деген пікір бар. Бірлескен басқару және өкілеттіктерді бөлу арқылы
25
көшбасшылықты
дамытудың
жаңа
мүмкіндіктері
қамтамасыз
етіледі
және
көшбасшылардың жаңа түрі қалыптасады. Мектептердің сәтті желілік қоғамдастықтары
өздерінің қалыптасуының алғашқы кезеңінде команда мүшелерінің арасында
өкілеттіктерді бөлу процесін жоспарлайды.
Сәтті желілік қоғамдастықтар көптеген командаларды құру арқылы жұмыс істейді.
Ұлттық Мектеп көшбасшылығы колледжінде жүргізілген зерттеу (2006) нәтижесінде
желілік қоғамдастықтарда жоспарлау функцияларын жүзеге асыру және оң өзгерістерге
қол жеткізу үшін командалардың үш түрі қалыптасатындығы анықталды. Осы
командалардың әрқайсысы әртүрлі мүдделі тұлғаларға оларды біріктіру, ортақ
мақсаттарды анықтау, мектептің стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу және іске асыру
үшін ұйымдастырушылық модель ұсынады. (National College for School Leadership 2006)
Достарыңызбен бөлісу: |