2. Тапсырмалар жүйесін құрылымдайтын оқу мақсаттарын қарастырыңыз.
21
4. Жеке оқушылар көрсеткен әр түрлі дағдылар деңгейлері мен түсіну дәрежелерін
салыстырыңыз.
5. Бүкіл сынып бойынша тұтас қызмет нәтижелерінен ой қорыту үшін дереккөздерден
алынған ақпарат пен бақылауларыңыздың нәтижелерін жинақтаңыз, салыстырыңыз.
6. Балалардың оқу нәтижелеріне қатысты салыстырмалы жетістіктер немесе сәтсіздік
туралы аралық қорытынды жасау арқылы бағалаңыз.
7. Келесі тапсырманы немесе жобаны жоспарлау кезінде осы сыни бағалау
нәтижесінде алынған тұжырымдар мен түсініктерді қолданыңыз.
8. Дәлелдерді толықтыру, әлеуметтік ғылымдарда оқыту мен оқуға қажетті
қорытындылар мен тұжырымдар жасау үшін сыни ойлауды қолдануды негіздеңіз.
Педагогикалық рефлексияның мәні мен рәсімдерін түсіну оның құрылымын түсінуге
ықпал етеді. Педагогикалық рефлексия құрылымын қарастыруды педагогикалық
процестің құрылымын, педагогикалық өзара әрекеттесуді ескере отырып жүргізу орынды
деп санаймыз. Педагогикалық процесс педагог пен білім алушылардың іс-әрекеттерімен
алмасуды көздейтініне баса назар аудара отырып, біздің ойымызша, рефлексия
құрылымында оның мына компоненттерін бөліп көрсетуге болады: педагогтің оқушы іс-
әрекетіне жасаған рефлексиясы; педагогтің өз іс-әрекетінің рефлексиясы; педагогтің
педагогикалық өзара іс-әрекет рефлексиясы; білім алушылардың өз іс-әрекетінің
рефлексиясы; білім алушылардың педагог іс-әрекетінің рефлексиясы; педагогикалық
өзара іс-әрекетте орын алған оқушы рефлексиясы.
Білім алушылардың дамуы үшін жағдай жасау мақсатында педагогикалық процесті
педагог өзі ұйымдастырып іске асырады. Бұл педагогикалық процесте рефлексияның
барлық компоненттері оқушының педагогикалық процестегі өз іс-әрекетінінің
рефлексиясымен байланысты екенін білдіреді. Бұл жағдай педагог қызметінің, жүзеге
асырылған өзара әрекеттесу рефлексиясының орындылығын анықтайды.
Педагогикалық процесте рефлексия функцияларын бөлу педагогикалық процеске
қатысушылардың дамуын оңтайландырудың маңызды шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: