Педагогикалық процестегі рефлексия функцияларына мыналарды жатқызуға
болады:
• диагностикалық функция - педагогикалық процеске қатысушылар арасындағы
өзара әрекеттесу деңгейін, осы өзара әрекеттесудің тиімділік деңгейін, жеке
педагогикалық құралдарды анықтау;
• жобалау - алдағы қызметті модельдеуді, жобалауды, өзара іс-әрекетті, қызметтегі
мақсатты тұжырымдауды талап етеді;
• ұйымдастырушылық - өнімді қызметті және өзара іс-әрекетті ұйымдастыру
тәсілдері мен құралдарын анықтау;
• коммуникативті - рефлексия педагог пен оқушының өнімді қарым-қатынасының
шарты ретінде;
• мағыналы-шығармашылық - педагогикалық процеске қатысушылардың
санасында өз қызметінің мағынасын, өзара іс-әрекет мағынасын қалыптастыру;
• мотивациялық - қызметтің бағыты мен мақсатын анықтау;
• түзетушілік - педагогикалық процеске қатысушыларды өз қызметін, жүзеге
асырылатын өзара әрекеттесуді түзетуге ынталандыру (Кашлев, С. С. 2008)
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, педагогикалық процестегі рефлексия -
бұл:
• а) өзара іс-әрекетегі қатысушылардың жеке басының дамуының жай-күйін және ол
күйдің қалыптасу себептерін анықтау процесі мен нәтижесі;
• б) қалыптасқан жағдайға қарай педагогикалық өзара іс-әрекет субъектісінің өзін-өзі
ыңғайлау процесі;
• в) педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынасын өзара
бейнелеу және бағалау:
• г) педагогтің оқушы жан дүниесін және даму қалпын көрсетуі және керісінше.
22
Жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау процесінде педагогикалық
рефлексияның маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. ЖОО оқытушысы, рефлексия
жасай отырып оқытады, студентке өзінің дамуының бір жағдайынан екіншісіне, жоғары
деңгейге өтуге, одан соң өзін-өзі дамытуға, жеке басының қалыптасуына және өзін-өзі
жетілдіруге, келешекте белгілі бір білім саласындағы кәсіпқой маман болуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |