Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


Мектептің  желілік  қоғамдастығы  шеңберінде  командалық  жұмысты  дамыту



Pdf көрінісі
бет25/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96
Байланысты:
LS и AR

 

Мектептің  желілік  қоғамдастығы  шеңберінде  командалық  жұмысты  дамыту 

бойынша әдістемелік қолдау 

 

Қазіргі  уақытта  мектептердің  желілік  қоғамдастықтары  біздің  түсінігімізде  оқу 



процесінің  өзгеруін  көрсететін  маңызды  стратегия  болып  табылады.  Қазіргі  білім  беру 

тәжірибесінде мектептердің желілік қоғамдастығын дамыту процесіне елеулі халықаралық 

қолдау  көрсетілуде.    Мәселен,  мысалы,  Либерман  (2005)  мектептердің  желілік 

қоғамдастықтары, бір жағынан, реформаторлар мектептегі оқыту мен оқуды өзгерту және 

жетілдіру үшін қажет  деп санайтын көптеген негізгі  идеялардың әзірленуіне ықпал етіп, 

қолдайтындықтан, өте танымал болып келеді, деп белгілейді (Lieberman, A. 2005).  

Баллантин және басқа ғалымдардың пайымдауларынша  желілік қоғамдастықтардағы 

мұғалімдердің командалық жұмысы мектепте келесіні қамтиды: 

•  мұғалімдердің  білімі  мен  құзыреттілігін  толықтыру  және  генерациялау 

мүмкіндіктерін; 

•  ынтымақтастық пен командалық жұмыс түрлерінің алуан түрлілігін; 

•  қызмет ету икемділігі мен еркіндігін; 

•  көбінесе  келісілген  шешімдері  жоқ  проблемаларды  сындарлы  талқылау 

мүмкіндігін; 

•  мұғалімдерді  белгіленген  шешімдерді  механикалық  орындауға  емес,  мәселелерді 

шешуге итермелейтін идеялар; 

•  дербес,  бірақ  сонымен  қатар  мектептерге  немесе  университеттерге  тиесілі 

ұйымдық құрылым; 

•  командалық  жұмысты  бір  мектептен,  бір  өңірден  тыс  жерде    жүргізу,  тіпті 

халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндігі; 

•  өзара  қолдау  жағдайында  ықтимал  тәуекелдер  үшін  жауапкершілік  қабылдауға 

ықпал ету үшін жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіну; 

•  мұғалімдердің  тәжірибедегі  білімдері  мен  жүргізілген  зерттеулер  нәтижесінде 

алынған білімдер маңызды деген ойы бір жерден шығатын команданы құру (Ballantyne, P., 

Jackson, D., Temperley, J., Michael, J., &Lieberman, A. 2006).  

Қазақстанда мұғалімдердің желілік қоғамдастығы шеңберінде, атап айтқанда педагог 

кадрлардың  біліктілігін  арттыру  бағдарламаларын  және  мектептерде  жалпы  білім  беру 

ұйымдары  басшыларының  бағдарламаларын  іске  асыру  негізінде  педагогтердің 

командалық  жұмысын  іске  асырудың  мол  тәжірибесі  бар.    Курстық  оқудан  өткен 

педагогтер  жұмыс  істеп,  мектептердің  желілік  қоғамдастығы  шеңберінде  командалар 

ұйымдастырды.   

Білім  беруді  ақпараттандыру  және  жаһандану  жағдайында  мектеп  мұғалімдерінің 

педагогикалық  қызметін  дамытудың  қазіргі  кезеңі  бірлескен  жұмыс  әдістері  мен 

педагогикалық  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  процесін  қайта  қарауды  талап  етеді. 

Мұғалімдердің  желілік  қоғамдастықтары  -  бұл  желідегі  команданың  кәсіби  қызметін 

ұйымдастырудың  жаңа  түрі,  бір  пән  немесе  ортақ  мәселе  бойынша  мұғалімдердің  бір 

желіде,  бір  топта  және  бір  командада  жұмыс  істеуі.  Кәсіби  желілік  бірлестіктер  мен 

командаларға қатысу бір елдің түкпір-түкпірінде және шетелде тұратын мұғалімдерге бір-

бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  кәсіби  мәселелерді  шешуге,  өз  іскерліктерін  көрсетуге 

және кәсіби әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. 

Мұғалімдердің  желілік  қоғамдастығындағы  командалық  жұмыстың  мақсаттары 

әртүрлі болуы мүмкін, алайда олардың негізгілері:  




23 

 

•  бірыңғай ақпараттық кеңістік құру; 



•  тәжірибе алмасу, қолдау және ынтымақтастық

•  жетістікке жеткен педагогикалық тәжірибелерді тарату; 

•  кәсіби  тақырыптар  бойынша  ресми  және  бейресми  қарым-қатынасты 

ұйымдастыру; 

•  кейіннен  интернеттен  тыс  өзара  әрекеттесу  үшін  виртуалды  өзара  әрекеттесуді 

бастау; 


•  кәсіби шеберлікті арттыру; 

•  жаңа білім беру бастамалары мен инновацияларын қолдау. 

Желілік қоғамдастықтарындағы командалық жұмыс келесі мүмкіндіктерді ұсынады:  

•  қолжетімді қоғамдастық кітапханасын пайдалану және өз файлдарын орналастыру 

мүмкіндігін;  

•  қарым-қатынас мүмкіндіктері (форум, чат, пікірлер);  

•  қашықтықтан оқыту; 

•  байқауларға, акцияларға, жобаларға, талқылауларға қатысу;  

•  өзіндік электрондық парақшаларын (портфолио) дайындау. 

Желілік  қоғамдастықтардағы  командалық  жұмыс  түбегейлі  жаңа  ақпараттық 

кеңістікте  тәжірибе  алмасуға,  қашықтыққа  қарамай  пікір  алмасуға  және  сұрақтар  қоюға, 

виртуалды шеберлік сабақтарында басқа педагогтердің оң тәжірибелерін қорытындылауға 

және  бөлісуге,  педагогикалық  шеберлік  деңгейін  және  ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік беретін коммуникацияның жаңа түрлерін ұсынады. 

Желілік  қоғамдастықтардағы  командалық  жұмыс  қашықтықтан  оқыту,  кәсіби 

байқауларға  қатысу  мүмкіндіктерін  ұсынады.  Бұл  педагогтің  біліктілігін  арттырудың 

ыңғайлы формасы болып табылады.  

Желілік  қоғамдастықтардағы  командалық  жұмыс  осы  қоғамдастық  пен  команданың 

жұмысына қатысушы педагогтің өзі жинаған материалдар банкін құруға мүмкіндік береді. 

Бұл  педагогтің  тіркелу    үшін  қажет  жеке  мәліметтерімен  бірге,  педагогтің  қызмет 

бағыттарын,  оның  біліктілік  деңгейін,  қызығушылықтарын,  мақсаттарын,  міндеттерін 

көрсететін  электрондық  портфолио  болып  табылады.  Желілік  қоғамдастықтардағы 

командалық жұмыстың нәтижелері виртуалды кабинетте орналастырылады және сонымен 

бірге, командалық жобалар портфолиосы әзірленуі мүмкін.  

Желілік  қоғамдастықтардағы  командалық  жұмысты  бір  мектептің  командалары 

немесе  бірнеше  мектептің  педагогтерін  қамтитын  команда  аясында,  қызметтің  мынадай 

түрлерінде ұйымдастыруға болады:  

1. вебинар; 

2. оқу семинары;  

3. виртуалды конференция

4. байқау;  

5. жоба; 

6. науқан; 

7. "Шеберхана" немесе шеберлік сынып;  

8. чатта талқылау; 

9. жобалар фестивалі;  

10. 

телеконференция және т. б. 



Қызметтің  барлық  түрлерін  ұйымдастыру  жолы  өте  қарапайым  және  оларды 

мектептің  немесе  мектептердің  желілік  қоғамдастықтарының  топ  мүшелері  белсенді 

қолдайды. Желілік қоғамдастықтардың командалары  жетістікетерге жетуі үшін олардың 

жұмыс  істеуіне  орынды  және  сенімді  негіз  қажет:  олар  белгілі  бір  құбылыстарды 

жетілдіру және тестілеу нәтижесінде тексерілген оқу процестерінің құндылығын арттыру 

жолдарын ұсынуы керек. 

Қазіргі уақытта мектептердің тиімді желілік қоғамдастығының   қандай да бір дайын 



24 

 

моделі  жоқ,  өйткені  оның  құрылымы  әр  мектептің  саясатын  және  олардың 



оқушыларының  қажеттіліктерін  көрсетуі  керек.  Бұдан  басқа,  мектептердің  желілік 

қоғамдастығының  қызметіне  тән  емес,  тұрақсыз,  ауыспалы  сипатындағы  және  арасында 

жиналатын директорлар тобына тән емес жеке принциптері бар.  

Желілік  мектеп  қоғамдастықтары  кез  келген  ауқымда  болуы  мүмкін,  бірақ,  әдетте, 

олар басқаруға болатын мектептер санын біріктіреді. Көбіне, желілік қоғамдастықтар бір 

елді  мекенде  орналасқан  мектептерді  біріктіреді.  Желілік  қоғамдастық  құратын 

мектептердің  түрі  оларды  біріктіретін  себептерге  байланысты  таңдалады.  Осылайша, 

мысалы,  сабақтастық  мәселесін  шешу  үшін  орта  мектеп  бастауыш  мектеппен  желілік 

қоғамдастыққа  біріктірілуі  мүмкін.  Оқшаулануды  болдырмау  мақсатында,  шағын 

жинақты  ауыл  мектептерінің  тобы  бірлесіп  жұмыс  істей  алады  және  қолда  бар 

ресурстарды  біріктіре  алады.  Оқу  бағдарламасының  белгілі  бір  саласында  кәсіби 

дағдыларды дамыту ынтымақтастық орнатуға сенімді дәлел бола алады. Белгіленген өзара 

іс-әрекет  мұғалімдер  мен  оқушылардың  басқа  мектептердегі  жұмысын  жеңілдететіні 

анық.  


Басқа  мектептердің  кәсіби  тәжірибесін  қабылдауға  немесе  басқа  мектептердегі 

әріптестерінің  проблемаларына  ұқсас  мәселелерді  шешу  тәсілдерімен  танысуға  деген 

ұмтылыс  мектептердің  серіктес  мектептер  іздеуіне  бастама  болуы  мүмкін,  алайда 

географиялық  фактор,  құрылатын  желілік  қоғамдастық  мектептері  қызметінің  кәсіби 

басымдықтары  мен  мақсаттары  оның  құрылымдық  құрамын  анықтауда  шешуші  фактор 

болуы тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет