Сабақты талдау талқылау кезеңінде жүреді. Ол зерттеу сабағынан кейін бірден
мұғалімдердің бақылаулары мен оқушылардың оқу дәлелдерінің барлық материалдарын
қолдана отырып жүзеге асырылады.
Сабақты зерттеудің жоғарыда аталған құрылымы кеңінен танылған, бірақ бүкіл
әлемдегі білім беру жүйелері мақсатқа байланысты сабақты зерттеудің әртүрлі түрлері
мен модельдерін қолданады. Lesson Study оқу жоспарларын немесе оқу материалдары мен
оқулықтарын әзірлеу үшін (Shibata 2011) ең жақсысы болып саналғанымен (Lewis &
Tokashi , 2013; Chen& Yang, 2013; Tan-Chia, Fang & Chew Ang, 2013; Kuno, 2015), әртүрлі
педагогтердің назарын аударатын ең көп таралған себеп бар (Takashi & Yushida, 2004;
Nakano, 2011; Robinson & Leikin, 2012; Kim-Eng Lee & Mun Ling, 2013): өзінің ұжымдық,
зерттеу және рефлексиялық сипатының арқасында бұл тәсіл мұғалімдерді оқыту және
кәсіби қоғмдастықтар құру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
"Сабақты зерттеу/Lesson Study дегеніміз не?" материалдары бойынша
http://lessonstudy.kz/?page_id=10
Достарыңызбен бөлісу: |